×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Алла үйi ел игiлiгiне берiлдi

Пятница, 20 Ноябрь 2015 06:27 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 4506 раз

 SAM6975

Төлеби ауданының Абай ауылында сән-салтанаты жарасқан жаңа мешіт көптің игілігіне берілді. Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне  ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, қоғам қайраткері
Асқар Құлыбаев, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы қатысты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы-найб мүфти Серікбай қажы қасиетті Құран аяттарын  оқып,  дұға бағыштады. Сондай-ақ, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған жамағатты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

 SAM6830– Мешіт – көптің игілігі. Ендігі жерде, Алла үйі – елдің бірлігі мен ынтымағына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алатын ошағына айналуы тиіс, – деген Бас Мүфти мешіт кітапханасына қасиетті Құран Кәрімді сыйға етті.
Бұл күні мешіттің ашылу салтанатына елімізге танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев, ақын Балғымбек Имашов, «Қоңыр» тобы сынды өнер жұлдыздары қатысып, жиылған ауыл тұрғындарына ән-жырдан шашу шашты.
Айта кетейік, мешіт осы ауылдың тумасы, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтың демеушілігімен салынып отыр. Мешіт киелі Қазығұрт тауының етегінде, үлкен жолдың бойында орналасқан. Ғибадат үйінің сыйымдылығы 400 адамға арналған. 19  метр биіктікті құрайтын еңселі мешіт бүгінгі заман талабына сай жасалған. Алдағы уақытта, ғибадатхана жанынан медресе салу да жоспарланып отыр.