×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Мәулiт мерекесi тойланды

Вторник, 26 Январь 2016 05:11 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 4984 раз

Шымкенттегі «Түркістан» салтанат сарайында «Тәлімі мол мәуліт айы – мүбәрак болғай!» атауымен рухани кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков қатысып, барша мұсылман қауымын қасиетті мейраммен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ОҚО-дағы өкілі, облыстың бас имамы Ахметжан қажы Керімбек қасиетті мерекенің мән-мағынасына кеңінен тоқталды.

891087 1390794366– Мәуліт – араб сөзі, қазақша «туылған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла Тағала елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген. Сондықтан да, әр жылы Рабиул – әууал айында Алла тағала өзінің сүйікті пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметті етіп жаратқанына сансыз шүкірлік етіп, Оған (с.ғ.с.) салауаттар айтатын Мәулітті мерекелеу – игі дәстүрге айналып келеді, – дейді Ахметжан қажы.
Шара барысында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір жолы мен іс-әрекеттері насихатталып, салауаттар айтылды. LED-экранда арнайы дайындалған бейнекөрсетілімнің түпкі мағынасы жастарды Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға, тағы басқа да асыл қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды. Рухани кеште Құран оқылып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол екені түсіндірілді.