Қызметкерлер сынақтан өтті

Среда, 20 Апрель 2016 06:31 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 2777 раз

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында атқарған жұмыстары мен бірқатар жоспарлары туралы баяндады. Жиынға БАҚ өкілдерімен бірге қала имамдары да қатысты.

IMG 6526Өкіл имам ҚМДБ тарапынан берілген 4 бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың мән-маңызына тоқталды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, жуырда ғана өткізілген 7 тәлімдік құжат бойынша сынақтың қорытындысын жария етті. Жалпы, облыс бойынша ҚМДБ-ға филиалы болып тіркелген 791 мешіттің 1062 діни қызметкері сынақтан өткен.
– Имамдарды қайта даярлау жұмыстары бойынша ОҚО имамдарының білімін жетілдіру курсынан 1075 имам-молда кезең-кезеңімен апта бойы білімін шыңдады. Биыл да бұл үрдіс жалғасын табуда. Сонымен қатар, мешіт жанындағы 242 діни сауат ашу курсынан 12158 тәлімгер алғашқы діни білім алды, – деді А. Пірәліұлы.
Сонымен қатар, өкіл имам үлкен қажылыққа дайындық жұмыстарының қолға алынғандығын мәлімдеді. Биыл қажыларға «Эйр Астана» және «Флай Нас» әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Бір айта кетерлігі, қажылыққа ниет еткен азаматтар қазірден бастап құжаттарын рәсімдеп, қажылық жөнінде діни білімін арттыру мақсатында «Қажылық» курстарынан өту керек.

IMG 6528

Брифинг барысында «Дін және тарих тағылымы» жылының мән-маңызы түсіндірілді. Бұдан бөлек, діни білімді шетелдік діни оқу орындарынан кем түспейтін отандық «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті универсиеті мен 9 медреседен алу қажет екендігіне тоқталды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.