Атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді

Пятница, 20 Январь 2017 10:38 Автор  Опубликовано в Барлық мақалалар Прочитано 27374 раз
Ағымдағы жылдың 13-қаңтарында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет басқармасының басшысы халық алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстарына есеп берді.
 
Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Орынбасар Зайдинұлы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Амангелдиев Досалы Жайлауұлы, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет баксқармасының басшысы Д.Ботан, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы Н.Серік және Еңбекші ауданы бойынша прокуратура,ІІБ,мемлекеттік кірістер басқармасы, «Нұротан» партиясы Еңбекші аудандық заң консультациясының, Азаматтарға арналға Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО филиалы - «ХҚКО» департаментінің Шымкент қаласы №4,8 филиалдарының қызметкерлерінің және Шымкент қаласы Еңбекші ауданының тұрғындары.
Жиынды Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев ашып, сөз кезегін Еңбекші аудандық әділет басқармасының басшысы Д.Ботанға берді.
Д.Ботан: Қазақстан Республикасының Әділет органдары мемлекет кепілдік беретін және Қазақстан Республикасы Конституциясындағы белгіленген адам құқықтарын жүзеге асыру негізінде әрекет етеді. Қазіргі таңдағы өмір шындығын ескере отырып, әділет органдары азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға барлық жағдайды жасайды. Атап айтқанда, әділет органдарының қызметі көптеген әкімшілік тежеулерді азайтуға, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің, оның ішінде әртүрлі салалар бойынша қызметтің электрондық сапасын жақсартуға бағытталады. Әділет органдарының басым бағыттарына яғни атқаратын қызметінің негізгі түрлеріне: Жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін қалыптастыруға қатысу, заңды тұлғалардың тіркелуін жүзеге асыру, құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді және құқықтық насихатты қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы заңдармен жүктелген басқа да қызмет түрлері жатады.
Басқарманың бөліміне жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі қызметтерді атқарады:
Басқарманың ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету;
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуде заңдылықты сақталуын қамтамасыз ету;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуде заңдылықты сақталуын қамтамасыз ету;
Құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
Зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласына қатысты 11922 құжат тіркеліп,осының салдарынан төленген алым сомасы 16 416 929 теңгені құрады.
        Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімінің кешіктірілуіне байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460 бабына сәйкес 168  әкімшілік іс қозғалып, жеке тұлғадан 1 824 060 теңге, ал заңды тұлғадан 212 100 теңге өндірілген. 
2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 23 бабының 1 тармағына, яғни жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тіркеуші өтініш келіп түскен сәттен бастап «бес жұмыс күні» дегеннің орнына «үш жұмыс күні» деп өзгертілген.
Аудан көлемінде 770 заңды тұлға, 669шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, 52филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. осының салдарынан төленген алым сомасы 2 998 538 теңгені құрады.
«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 302шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғыны ұсыну туралы талап жойылды, сонымен қатар тіркеу туралы куәлігі берілмейді.
Тіркеу туралы электрондық анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болады.
2015 жылдан бастап заңнамаға бизнесті құруды тіркеуді қандай да бір құжаттарды ұсынбай интернет арқылы 1 жұмыс күні орнына 1 сағатқа дейін қысқарту арқылы барынша оңайлатуды көздейтін түзетулер енгізілді; заңды тұлғаларды құру және қызметін тоқтату кезінде тіркеу жиыны жойылды және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталды қалыптастыру жойылды.
2016 жылға әділет органдарының қызметтері жөнінде БАҚ-на 32 мақала жарияланып,  6 – телеарнадан  шығу, 22 – радиодан сұхбат беру, 19 – дөңгелек үстел, 73 – дәрістер мен семинар-кеңестер, 3 – ашық есік күні ұйымдастырылды.
Әділет департаментімен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 158 бабына сәйкес 2 әкімшілік іс қозғалып, соттарда қаралуда.
Соттардың қаулыларына сәйкес, құқықбұзушыларға 169 680 теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды.
Заңсыз айналымнан 146 000  теңгенің 17 дана контрафактілік өнімдері алынды.
         Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары О.Тастанов қорытындылап атқарылған жұмыс нәтижесіне оң бағасын берді.
Последнее изменение Пятница, 20 Январь 2017 10:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.