Діни сауаттылыққа үндеді Избранное

Пятница, 05 Май 2017 04:55 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 2289 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ақпараттық дәуірде теріс діни ағымдармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары» атты семинар өтті.

dini seminar

Шараға М.Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ақжол Қалжабек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Педагогикалық университеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Сапарханұлы, п.ғ.д. Клара Қаражігітова және блогер, ОҚО Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Асхат Шотаев қатысты. Семинарда «Асыл Сөз Медиа» шығармашылық бірлестігінің дирекоры Ноғаев Асылбек модератор болды. 

– Ұлтты сақтаудың негізі – дұрыс идеологияда. Ал ол үшін дін, тіл, салт-дәстүр деген секілді құндылықтар болуы керек. Осы құндылықтар жастарға дұрыс жетпесе, шикіліктер пайда бола бастайды. Теріс діни ағымдар жетегінде кетеді. Оларды болдырмау үшін, дұрыс діни мәліметтерге қанық болу үшін үйде ата-ана, оқу орындарда ұстаздар дұрыс білім беруі керек. Сонда ғана, оң-солын ажырата алатын кемел ұрпақ қалыптаспақ, – деді М.Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ақжол Қалжабек. 

Жиында «Өмірлік сабақ» деген сахналық қойылым болып, жиынға қатысушы ғалым, имамдар пікірлерін білдірді. Сондай-ақ «Қазіргі дәуірдегі ақпараттар қалай тарайды?», «Ақпараттың қандай түрлері бар?», «Ол немен өлшенеді?» деген сауалдарға жауап беріліп, қазақ-салт дәстүрлерінің тәрбиелік мәні таразыланды.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.