Версия для печати

Оңтүстіктен қажылыққа 800 адам барады

Среда, 23 Август 2017 05:42 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 5050 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл қажылық сапарға еліміз бойынша 2500 азамат аттанады. Оның 800-і Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Бұл туралы «Абдул Хамид Каттани» мешітінің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлім болды.

qazhylyqqa 49

Дін өкілдерінің айтуынша, еліміздің қажыларын отандық «СКАТ» және «FlyNas» халықаралық әкекомпанияларымен тасымалдайды. Әуе көлігі Астана, Алматы және Шымкент қалалары арқылы Жидда, Мединеге жол тартпақ. Тамыз айының 23-26-ы күндері аттанған қажылар 7-12 қыркүйек күндері елге оралатын болады. 

Бүгінде қажылыққа ниет еткен азаматтарға екпе жұмыстары толық жүргізілген. Оңтүстік өңірінің орталық мешітінде арнайы курс ұйымдастырылып, қажылық кезіндегі ережелер мен тәртіптер түсіндірілуде. Күнгейлік қажыларға облыстан екі имам жетекшілік етіп бірге баратын болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.