Отанды сүю – иманнан Избранное

Пятница, 02 Ноябрь 2018 04:35 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 2775 раз

Жастар ресурстық орталығында Шымкент медресе-колледжінің ұйымдастыруымен алғаш рет қалалық жас термешілер байқауы өтті.

37

 

Колледж шәкірттері арасында ұйымдастырылып отырған байқау жастардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен байқауда 11 жас термеші өзара мықтыны анықтады. Әділқазылардың шешімімен Қылышбек Сынабай бірінші орыннан көрініп, жеңімпаз атанды. Ал екінші орыннан Рүстем Арыстан көрінді. Нұрдаулет Жуасбек пен Жұлдызай Тұрғанбекке үшінші орын бұйырды. Жеңімпаздар ақшалай сыйақымен марапатталып, өзге қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.