Жаңа қоғамға жаңаша ізденістегі имам қажет Избранное

Среда, 30 Октябрь 2019 04:29 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 173 раз

Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесе ұйымдастырған «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі Исламның рөлі» тақырыбындағы семинарда өзекті мәселелер талқыға түсті.

203

 

Дінтанушы, phd докторы Қайрат Жолдыбайұлы имамдардың имиджі туралы келелі әңгіме өрбітті.
– Имамның арқалаған жүгі ауыр. Имам деген сөздің мағынасы алдыңғы шепте жүретін адам дегенге саяды. Оның бойында көшбасшылық қасиет тұнып тұруы керек. Ол сөйлеген сөзімен, жүріс-тұрысымен де үлгі болуы лазым. Әлем бүгінде жаңаша бағытқа өзгеріп барады. Сол себепті имамдар да заманға ілесе білуі керек. Қазіргі мешіттердегі уағыз тек мешіттің айналасында, тар шеңберде қалып қоюда. Жамағат жаттанды уағыздан шаршайды. Жамағаттың ішкі мәдениетін қалыптастыруға жұмыс істеу қажет, – деді Қайрат Жолдыбайұлы.
Сондай-ақ, басқосуда сөз алған Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев ҚМДБ тарапынан қолға алынып жатқан бағдарламалардың бәрі де имамдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын айтты.
Таяуда ғана имамдардың ІІІ республикалық форумында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы» құжаты қабылданған еді. Бас имам осы құжаттың дер кезінде қабылданғанын да атап өтті. Өйткені, руханият көшінен қалмайық десек, дәл осы қағидаларды қатаң ұстануымыз керек.
М. Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінде өткен семинарға қатысқан барлық имамдарға сертификат берілді.
Семинарды Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева ашып, жүргізіп отырды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « Діни конфессиялар басшыларымен кездесті