«ERNIYAZ FOTOBOOK» есігін ашты

Четверг, 23 Ноябрь 2017 12:24
Шымкент қаласында А.Асқаров көшесіндегі 3-74 мекен-жайында «ERNIYAZ FOTOBOOK» цифрлы фото орталығы ашылды.
 
Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыстық мәслихат депутаты Әсет Қайыпбеков, «Қазақ радиосының» директоры Мəди Манатбек, белгілі журналист Шыңғыс Мұқан, «ERNIYAZ» медиахолдингінің басшысы Ербол Дайраш және БАҚ өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
23795586 Толықтай жаңа үлгідегі құрылғылармен қамтамасыз етілген орталықта сапалы сурет кітапшалары, фото альбомдар, тойға, құжаттарға арналған суреттер шығаралатын болады.
 
– Негізгі құрылғы Жапониядан алынды. Бұл жоғары сападағы суреттерді шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда орталықта 3 адам қызмет етеді. Алдағы уақытта олардың санын арттыру қарастырылған, – дейді орталық директоры Еркебұлан Абдуллаев.
23915991 1780534935289844 3132492017610367970 n
 
23755701 1780518105291527 6004281660518305296 n
 
23915815 1780532275290110 1154666934380346868 n23754919 1780521698624501 3862935689604401235 n23755720 1780534941956510 4645946760948342229 n23844699 1780518268624844 2626511466606405883 n23843370 1787938924549471 2277274914638537628 n23795668 1780521765291161 5984587688049517003 n
Тел: 8707 585 77 02
8(7252) 56 05 98
erniyazbook

Мағыналы қойылым

Вторник, 21 Ноябрь 2017 12:24

«Өлдік те, құрметті болдық». Осындай атаумен облыстық «Жастар ресурстық орталығында» «ONTUSTIK» жастар театрының драматургы Х.Хурсандовтың комедиялық қойылымы өтті.

oldikte-teatr

Сахналық қойылым көпшілік көрерменнің көзіне жас үйіреді. Негізгі идеясы – ата-ананың тірі кезінде қадіріне жету. Оларды жалғыз қалдырмай, бір сәт көңіл бөліп, іздегенде жанынан табылуға үндейді. Қартайған сәттерінде өмірдің бар бақыты балаларының жанында болу, немерелерінің қызығын көру кез келген ата-ананың арманы.  

Спектакль кейіпкерлері: Мәулен ата – басты кейіпкер. Өзін өтірік өлдіге санап, балаларына хат жазып, жаназасына кімнің келіп, кімнің келмейтінін біліп алмақшы болған қария. Айдана –  Мәуленнің әйелі. Әуез – Мәуленнің досы, әрі көршісі. Сұлтан – Мәуленнің үлкен ұлы. Дастан – Мәуленнің кіші ұлы. Гүлістан – Мәуленнің қызы.  Шурик – жалдамалы жоқтаушы.  

Айта кетейік, қойылым 1 сахнадан, 4 эпизодтан тұрады. Осы уақытқа дейін бірнеше режиссердің сахналуымен көрермен назарына ұсынылған. Соның ішінде Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай музыкалық драма театрында да қойылған болатын.

Жастарға жаңа туынды

Вторник, 21 Ноябрь 2017 12:18

boijetken-film-1

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оңтүстік жастары» жобасы аясында түсірілген «Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы өтті.

Фильм – студенттік өмір жайында. Туынды жастық шақтағы қиындықтарға мойымай, бақытты өмір үшін күресуге шақырады. Сондай-ақ, жастар арасында суицидтің, ерте жүктіліктің алдын алу және оңтүстік туризмін насихаттау.

boijetken-film-2

Мелодрама жанрында түсірілген фильмнің жалпы ұзақтығы 1:05 сағат. Рөлдерді Азиза Түлкібаева, Береке Спатова, Бағлан Жолдасов, Абай Әбдіұлы, Ұлан Мықтыбек, Нұрдос Насырла, Жүсіп Ақшора сомдады.

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлім етті.

shymkala-89-1

Шымкент қаласының халқы саны күн санап артып келеді. Қазіргі таңда Шымкент агломерациясының аумағы 1573,5 мың гектарға жеткен. Сондай-ақ, жақын маңдағы ірі аудан орталықтары мен қалалар арасындағы қарым-қатынас жақындай түсуде. Аумағында 1,8 миллион адам, 367 елдімекен орналасқан. Оған 9 қала, аудандар кіреді. Болжам бойынша 2020 жылға қарай Шымкент агломерациясы халқының саны 185093 адамға немесе 10,3 % артып, 1986087 адамды құрайды деп күтілуде. Осыған орай, қала ішіндегі кедергілерді азайтып, кішігірім қалалардың қарқынды дамуы үшін Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы әзірленді. 

Схема аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) жобалау мерзімдеріне аумақтың қала құрылысын перспективалы дамытудың жобалық ұсыныстарын қамтиды. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, газ, электр жүйелері секілді инфрақұрылымды кешенді дамыту шаралары бар. 

– Жоба бойынша оңтүстік бағытта – Сарыағаш қаласы, батыс бағытында – Арыс қаласы, шығыс бағытында – Т. Рысқұлов селосы контрмагниттік рөлі бар әкімшілік орталықтары ретінде анықталды. Ал серіктес елді мекендерге Леңгір, Ақсу, Қазығұрт, Бадам, Темірлан, Төрткүл, Шаян аудан, қалалары енді. Бұл жерлерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасалып, одан әрі дамыту шаралары жүргізіледі, – деді Бақтыбай Елікұлы. 

Айта кетейік, Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеуші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы.

IMG 0465-02-11-17-10-04Бүгінде елімізде имамдар, қарилардың жетіспеушілігі – жиі айтылатын мәселе. Ауылдық жерлердегі мешіттерде имамдар, Рамазан айында хатым түсіретін қарилардың тапшылығы байқалып,  оларды Өзбекстан, Қырғызстан секілді көрші елдерден шақырып жататынымыз бар. Сонымен қатар, діни сауатсыздықтың салдарынан түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатқандар қатары көбейді. Қазір бұл мәселелер ақырындап өз шешімін тауып келеді. Осы бағытта қарқынды жұмыс атқарып жүрген мекеменің бірі– «Шымкент медресе коллледжі». Осы оқу орнында екі мамандықты қатар игеріп жатқан болашақ имам, әрі қари Рүстем Сүлейменовпен сұхбаттасқан едік.

 

– Рүстем, алдымен осы «Шымкент медресе коллледжі» жайлы айтып өтсеңіз. Түлектер қандай маман иесі болып шығады? 

– «Шымкент медресе коллледжінің» тарихы тереңде. Бастапқыда Қазақ-Араб оқу орны, кейін медресе болды. Былтырдан бастап колледж атауын иеленіп, шәкірттерді 9 сыныптан кейін қабылдай бастады. Жалпы, оқу орны 1997 жылдан бастап қызмет етеді. Колледждің ұлдар бөлімінде 180-ге жуық, қыздар бөлімінде 100-ден аса шәкірт бар. 11 сыныпты бітіріп келгендер 2 жыл 10 ай, 9 сыныпты бітіргендер 3 жыл 10 ай оқиды. Осы жылдан бастап 16 мың теңге шамасында шәкіртақы тағайындалды. Бітіріп шыққандар имам және исламтанушы мамандығын алады. 

Жалпы колледжде имам немесе ұстаз боламын деп емес, өзім үшін, діни сауатымды арттырып, руханиятымды байытуға келемін дейтін адамдар да бар. Бұл жерге келгендер міндетті түрде дін қызметкері болуы шарт емес. 

Сонымен қатар, медресемізге теріс ағым жетегінде кеткен азаматтар да келіп, білім алады. 

Медресе жыл сайын 3 ай демалыста жазғы лагерлер ұйымдастырады. Мен де осында келгенімде жақсы әсер алып, 2015 жылы оқуға түстім.

IMG 0463-02-11-17-10-04

– Бүкіл Құранды жаттап алғаныңызды білеміз. Жалпы, қасиетті кітабымызды оңай әрі тез жаттаудың жолы қандай?

– 15 жасымда қари атанғанмын. Қазір 20-мын. Құранды жаттаудың түрі көп. Қазір көпшілік қолданып жүрген түрі – түрікше жаттау. Ол – айналым әдісі деп аталады. Мұнда әр параны (30 пара бар. Әрқайсысы 20 беттен тұрады) соңынан жаттауға ден қойылады. Қазір көпшілік осы тәсілмен жақсы жетістікке жетіп жатыр. 

Құранды тез жаттау адамның қабілетіне де байланысты. Мәселен, үйренуді бірдей бастаған 10 баланың төртеуі ғана соңына дейін жеткізеді. Оның түрлі себептері бар. Бірі, ауырып қалдым десе, біреуі, сабырым жетпей жатыр дейді. 

Бір ұстаздың айтқаны бар еді: «Сабырың жетсе қари боласың» деген. Ол Құран жаттаған кезде сағаттап бір жерде тапжылмай отыруға байланысты айтылған сөз. 

IMG 0469-02-11-17-10-04

– Кейде жаттағандарын ұмытып кететін қариларды кездестіріп жатамыз. Мұның себебі неде?

– Ұмытып кететіндердің негізгі себебі – қайталамау. Одан бөлек жаттаудың түріне байланысты. Санақ деген әдіс бар. Жаттаған кезде 99 рет санайды. Ал біреулер ойша санайды. Есте сақтау қабілеті жақсылары 10-15 минут қарап, 20 рет қайталайды. Солай ойда қалып кетеді. 

Бір айта кетерлігі, жаман нәрселерге көп қарау да жаттау қабілетін нашарлатады. Көздің нұры да кетеді. Жалпы адамның жаттау қабілеті жаттаған сайын ашылады. Бір бетті жаттап үйреніп қалсаңыз, біраз уақыттан кейін екі-үш бетті оңай жаттайсыз. 

 

– Жыл сайын ораза кезінде Қырғызстан, Өзбекстаннан қариларды алдыртып жатамыз... 

– Оның негізгі себебі, имандылыққа баулыған үгіт-насихаттың аздығы деп білемін. Құран жаттаудың сауабын көбірек айту керек. Сонда жастарда қызығушылық пайда болады. Ал кішкене балалардың есте сақтау қабілеті жақсы. 

 

– Бізде қариларға қандай да бір арнайы көмек көрсетіле ме?

– Ондайды естімедім. Бұл бір жағынан риякершілік те болатын секілді. Біздің елде қанша қарилар бар екені де нақты емес. Түркияда қариларды арнайы сынақтан өткізіп сертификат береді. Ал бізде ондай жоқ. Сол үшін де біздегі қарилар саны белгісіз. 

Мәселен, Шымкенттегі «Ықылас» қариларды дайындау орталығынан биыл 10 қари шығыпты. Оның барлығы да бірдей діни қызмет тауып кетпейді. Осы уақытқа дейін 500 қари шыққан болса, соның 40-қа жуығы ғана қари болып жүруі мүмкін. Көбісінің есінен шығып кетеді. 

IMG 0462-02-11-17-10-04

– «Көп Құран кәрім оқитындар бар, Құран кәрім бұларға лағынет айтады» деген хадис бар. Бұл кімдер үшін айтылған? 

– Бұл Құранды оқып оған амал етпегендер жайлы айтылады. Мәселен, Құранда «Зинаға жақындамаңдар» дейді. Ал сен оны жасасаң, бойынсұнбасаң біліп тұрып істеген боласың. 

Осы жерде айтып өтейін, Құранды бастан аяқ жаттап алғандарды Хафыз дейді. Ал құранды оқушыларды қари деп айтады. Қари деген сөздің аудармасы – оқушы деген мағына береді. Орта Азияда қари сөзі көп тарағандықтан, бізде де осылай кеңінен қолданылып кетті.

 

– Рахмет!

Сұхбаттасқан 
Сапарғали Қанат

gps-2

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қоғамдық көлік компанияларының басшыларымен кездесті.

Жиында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев қоғамдық көлік мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, бірқатар компанияларда қоғамдық көліктерді бақылап отыратын GPS орнатылмаған. Аталған мәселеге жауапты компания басшылары бір апта ішінде олқылықтардың орнын толтыруға уәде берді.

gps-3

– GPS барлық автобустарда орнатылуы керек. Біз ол арқылы әрбір қоғамдық көлікті бақылап отырамыз. Егер құрылғыңыз істемей қалса жұмысыңыз көрінбей қалады. Сондықтан, бұл мәселені ертерек түзету керек. Бұзылғандарын жөндеп, жаңасын сатып алуға бір апта уақыт беріледі, – деді Қ.Нұртай. 

Сондай-ақ, жиын барысында қоғамдық көліктердегі билет бермеу, жүргізушілердің жол ережесін бұзуы, аялдамаға тоқтамау, кондукторлардың айқайлауы секілді мәселелер де талқыланды.

Іс-шара соңында әкім орынбасары компания басшыларына бірқатар міндеттер жүктеп, нақты тапсырмалар берді.

Qos’ keldin’, qazaq a’lipbi’i!

Пятница, 03 Ноябрь 2017 06:06

shymkala-87-2

Жаңадан бой көтеріп жатқан «Шымкент СИТИ» қалашығы аумағында латын әліпбиін қолдау мақсатында «Qos’ keldin’, qazaq a’lipbi’i!» мерекелік іс-шарасы өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, қала тұрғындары және 3000-ға жуық оқушы қатысты.

– Латын әліпбиі қазақ тілін әлемдік деңгейге шығарып, ұлттық санамыздың жаңғыруына жол ашады, – деді Қ. Нұртай. 

shymkala-87-3

«Шымкентсити» – бұл жаңа қалашық. Мұнда 70 мың тұрғынға арналған көпқабатты тұрғынүйлер бой көтереді. Аумағы 427 гектар. Іс-шара барысында оқушылар «Шымкентситидің» жаңа төселген тас жолына латын қаріптерін бейнеледі. Сонымен қатар, жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, флешмоб ұйымдастырылды.

«Локомотив» стадионында футболдан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Шымкент қалалық мәслихатының жүлдесіне арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

 IMG 0541-02-11-17-03-57

Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров қатысушыларға сәттілік тіледі. 

– Мінекей, керемет ауа райында қалалық мәслихаттың дәстүрлі турнирі бастау алғалы тұр. Осы жарысқа қатысып жатқан түрлі облыстан, өзге елдерден келген футболшыларға, жаттықтырушыларына алғысымызды айтамыз. Ешқандай жарақатсыз, жеңімпаз командалармен жабылу салтанатында кездесейік, – деді Н.Бекназаров.

IMG 0537-02-11-17-03-57

Бас-аяғы бір аптаға жоспарланған жарыста Ақтөбе, Астана, Талдықорған, Қызылорда, Тараз өңірлерінен сондай-ақ, көршілес елдерден келген футболшылар бақ сынауда.

Айта кетейік, турнир 1-8 қараша аралығында, «Локомотив» және Сайрам ауданының екі алаңында өтеді.

Страница 1 из 11