Үйіңізге жылу жетті ме?

Пятница, 28 Октябрь 2022 05:28

jylu

Күн суытқалы бері жылу мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Шымкент қаласында жылу маусымы ресми түрде 20 қазаннан басталды. Дәл қазіргі таңда шаһардағы төрт аудан аумағында көп қабатты үйлерге жылу қосу жұмыстары аяқталып қалды.

Дегенмен, 27 қазан күнгі мәлімет бойынша жылу жүйесіне қосылмаған үйлер де бар. Мысалы, Абай ауданында көп қабатты 350 үй жылу жүйесіне қосылса, 69 үй әлі қосылмаған. Ол үйлер Гагарин, Байтіленов, Асқаров, Октябрь, Добролюбов, Водопьянов көшелері мен Темірлан тасжолы бойында орналасқан.

Ал Әл Фабари ауданында көп қабатты 672 үй болса, оның 613-і орталық жылу жүйесіне қосылған. Ал 52 үй автономды жылыту қазандықтарымен жылытылады. Қазіргі таңда 7 үйдегі пәтер ішінен ақаулар анықталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп мәлімдейді аудан әкімдігінің өкілдері. Бүгінде мамандардың көмегімен ақауды жөндеу, орталықтандырылған  жылу қазандықтарына қосу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай «Қуат жылу орталығы» мекемесі тарапынан 5 бригада және аудан әкімдігінен 14 маман жылу жүйелеріне қосу жұмыстарын жедел жүргізуге жұмылдырылды.

Осы орайда «Қуат жылу орталығы» мекемесінің мамандары үй ішіндегі ақауларға тұрғындар өздері жауапты дегенді еске салады.

– Біздің кезекшілерге түсіп жатқан арыздың көбісі пәтерде жылу болмауына байланысты. Мысалы, «Бір бөлмеде жылу бар, екіншісінде жоқ. «Қуат жылу орталығы» неге жылу бермейді» дейді. Осы тұста ерекше назар аударатын мәселе бар. Күн жылы, жылу маусымы басталмай тұрып үйдің жылу жүйесіндегі ауа шығарылып тасталса, қыста жылу жақсы болады. Жылуды толық алу үшін үй төрағасы бас болып, арнайы бригадалармен келісіп, көп қабатты үйді қысқы маусымға дайындауы керек. Атап айтқанда, үйдегі жылу жүйесін, батареяларды шаю, сығымдау, тесілген жері болса, жамау, бүлінген құбырды алмастыру деген жұмыстар атқарылуы тиіс. Оның барлығы жазда істелуі керек. Көбісі оны істемейді, сөйтеді де қыста шағымданады. Ал «Қуат жылу орталығының» міндеті – жылуды орталық магистарльді құбырмен үйдің элеваторына дейін жеткізіп беру. Ары қарай жертөледегі, пәтердің ішіндегі жұмыстарға тұрғындар өздері жауапты, – дейді «Қуат жылу орталығы» мекемесінің бас инженері Нұрбек Орынбаев.

Қаратау ауданындағы көп қабатты 422 үйдің барлығы дерлік жылуға қосылған. Ал бірнеше үйге жылу бармай тұрғанының өз себебі бар, дейді мамандар. Мысалы, Нұрсәт шағынауданындағы № 197 үйдің жылуы ішкі ақауға байланысты өшірілді. Шымситидегі №21, 29 үйлерде жылу сорғыларына байланысты пәтерлер толық жылымауда. Бүгінгі таңда жылу қосылған үйлерде пәтердегі батареяның ауасын шығару жұмыстары атқарылуда.

– Сонымен қатар, Тұран шағынауданындағы жаңадан пайдалануға берілген 5 үйге газ қосылмауына байланысты жылу қосылмаған. Себебі, үйдегі газ қондырғыларындағы кемшіліктерге байланысты тиісті құжаттар берілмеген. 26 қазан күні «ҚазТрансГаз» мекемесі құжаттарды қабылдауы тиіс болатын. Тұран шағынауданындағы көп қабатты 6 үйге де тұрғындар толық қоныстанбауына байланысты газ қосуға рұқсат берілмеген. Ал Шымситидегі «Грин сити» тұрғын үй кешеніндегі жылу қазандығы газға қосылмауына байланысты жылуға қосылмаған. Қазіргі таңда жылуға қосу жұмыстары атқарылуда, – дейді Қаратау ауданы бойынша Нұрсәт тұрғын алабына жауапты бас маман Нұрсұлтан Ахметов.

Ал Еңбекші ауданында көп қабатты 533 үйдің барлығына жылу барып тұр.

– Аудан аумағындағы көп қабатты үйлерге 10 сервистік компания қызмет көрсетеді. Олар – «Kaz construction service-2020», «Теплокомсервис», «Шымкент Элит Сервис», «Nur-D», «Нұр-Арыстан» ЖШС-лері және «Молиз», «Шоманбаев» «Аскар», «Аширбеков», «УК Тепло Сервис» жеке кәсіпкерліктері, – дейді Еңбекші ауданы әкімдігінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Сыдықов.

– Қазіргі таңда «Қуат жылу орталығы» мекемесі тарапынан қалаға жылу толық жіберілуде. 15 қазандықтың барлығы істеп тұр. Одан бөлек «3-жылу-энерге орталығы» тарапынан оңтүстік және солтүстік аймақтарға жылу берілді. Үйлерді жылуға қосу жұмыстары аяқталып, ішкі жүйелердегі ауаны шығару, қайта қосу, жарылған батареяларды бітеу сияқты жұмыстар жүруде. Егер жылу қатысты апатты жағдай туындаса, мысалы, жертөледегі құбыр жарылып, су кетіп жатса, біздің диспетчер қоңырау түскен жағдайда апатты бригадаларды жібереді. Мамандар барып, орталық құбырдағы жылуды тоқтатады. Олқылықтың себебін анықтап береді. Оны жөндеуге байланысты нұсқама береді. Жертөледегі құбырда ауа жиналып қалса, оны шығаруға да көмектеседі. Бірақ, жөндеу жұмыстарымен айналыспайды. Оны тұрғындар өздері ақысына келіскен бригадалармен жөндеп алады, – дейді «Қуат жылу орталығы» мекемесінің бас инженері Нұрбек Орынбаев.

Жалпы, «Қуат жылу орталығына» қарасты 13 қазандық газбен, екі қазандық көмірмен жағылады. Жауапты мамандар отын жағын толық қамдап қойдық дейді. Ал қала бойынша үйлерге жылуды толық қосу жұмыстарын 30 қазанға дейін аяқтауды жоспарлауда.

Көкбұлаққа газ жетті

Пятница, 28 Октябрь 2022 05:06

kokbulak

Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшылары мәлімдеді. Жуырда Көкбұлақ елдімекеніне табиғи газ құбыры тартылған болатын.

Жауапты мамандардың мәліметінше, шаһарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жоспар бойынша 2023 жылы қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілсе, 2024-2025 жылдары газ және электр қуатымен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайыз болады.

– Көкбұлақ елдімекеніне табиғи газ құбырын жеткізу жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін 16,1 шақырым газ құбыры тартылып, жоспар толығымен орындалды. Қазіргі уақытта магистралды құбырға газ беріліп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тарапынан абоненттеу жұмыстары басталды, – деді басқарма басшысы Боранбай Болатбеков.

Айта кетейік, бүгінде мегаполис тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Жыл соңына дейін, Тұран, Ақтас-1, Ақтас-2, Нұртас, Батыс, Сәуле-276 орам, Ақжар және Арғымақ елді мекендеріне табиғи газ желісі жеткізіліп, көрсеткіш 94,7 пайызға жетеді деп күтілуде. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.

25 қазан – Республика күніне орай үшінші мегаполистегі Достық үйінде «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, зиялы қауым өкілдері, қалалық Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, жастар қатысты.

662

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Среда, 26 Октябрь 2022 04:48

Шымкенттегі шалғай аудандарға инфрақұрылым жеткізіліп, орталықтан алыс орналасқан елдімекен тұрғындары коммуналды қажеттіліктерге қол жеткізіп келеді. Жуырда кезекті екі тұрғын алабына жарық пен табиғи газ жеткізілді. Абай ауданына қарасты нысандарды қала әкімі Мұрат Әйтенов жауапты мамандармен бірге аралады.

655

"Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент қаласы бойынша  филиалы  Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Елде болса, ерінге тиеді

Пятница, 21 Октябрь 2022 04:57

Еңбекші ауданында өзіндік ерекшеліктер орын алуда. Оны шымкенттіктер байқап та жүрген болар. Көп қабатты үйлердің аулаларындағы бастырмалар өзіндік дизайнмен салынып, «Еңбекші» деп жазылған. Бір қарағанда қарапайым дүние, әрине. Дегенмен, қай аудан аумағында жүргеніңізді бірден еске салады.

Жуырда аудандағы көшелерге сәкілер орнатыла бастады. Тіпті, бұрын-соңды болмаған жерлерде орындықтар пайда болып, жаяу жүргіншілер бір сәт отырып, тынығып алуға жағдай жасалды. Жалпы, Шымкенттегі көлемі жағынан үшінші саналатын аудандағы өзгерістер туралы аудан әкімі Досбол ЕСІЛБЕКТЕН сұрап-білген едік.

602

«ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ – ҰЙЫМШЫЛ»

Пятница, 14 Октябрь 2022 05:22

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы өндірістік аудан саналады. Аудан халқы мен әкімдігі бірлесіп жұмыс істеп, ұйымшылдық танытуда. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындармен дәстүрлі есепті кездесуінде айтты.

367

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

Пятница, 14 Октябрь 2022 05:21

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда. Бүгін ақпарат-насихат тобының мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы Шымкент химия компаниясының жұмыскерлерімен жүздесті.

364

Страница 4 из 53