2020 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Бұл заң тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығына қатысты көптеген мәселелерді шешуге арналған. Соның бірі – «Бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» қағидаты бойынша «Мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымын құру арқылы үйді басқарудың қызметін реттеу.

12

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 2017 жылдан бері өңірлердің бизнесті жүргізу бойынша рейтингісі іске асырылып келеді. Рейтингте өңірлердің 13 статистикалық көрсеткіші ескеріледі. Бұл олардың шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қаншалықты жағдай жасағандығын айқындап береді. Рейтингті қорытындылау барысында бизнесті бағалау бойынша кәсіпкерлерден сауалнама да алынады. Сонымен статистикалық және сауалнамалық көрсеткіштер бойынша Шымкент қаласы 2021 жылы рейтингтің алғашқы үштігіне (Түркістан, Жамбыл облыстары) жайғасты.

712

«Дәстүрлі ән-жыр мектебінің өз орталығы болу керек. Ол «Рухани жауһарлар» деген атаумен аталса». Шымкентте өткен республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауында қазылық еткен өнер майталмандары Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақтың дәстүрлі өнерінің келешегі тақырыбында ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» отырысында осындай ұйғарымға келді.

550

Кісі ақысын жемеңіз

Пятница, 03 Июнь 2022 03:51

Жыл басынан бері шаһарда мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерінің қадағалауымен 17 кәсіпорында 1200-ден астам жұмыскердің жалақы қарызы өтелді.

513

Шымкент қаласының Түркістан сарайында «Рухани жауһарлар» атты республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауы басталды. Конкурстың салтанатты ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

501

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжіне – 50 жыл. Осынау даталы күнге орай колледжде «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы – сапалы маман даярлаудың кепілі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

720

Жаз бойы мегаполис аумағында «Қауіпсіз жаз» атты кең ауқымды насихаттау акциясы өткізіледі. Осыған орай Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

610

Республикадағы үшінші мегаполистің агроөнеркәсіп кешенін өркендетуде жеткен жетістігі, заманауи технологияларды қолдану мен жаңа жобаларды бастаудағы аяқ алысы қандай? Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр ЖАНБАТЫРОВПЕН болған сұхбат осы сұрақтар төңірегінде өрбіді.

605

Страница 3 из 29