Елімізде волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірқатар табысты жобалар іске асты. Мемлекет басшысы осы салада нақты стратегиялық векторды белгілей алатын жаңа Жол картасын дайындау қажеттігін мәлімдеген еді.

506

Кеше Шымкент қаласы әуежайынан Жазғы Азия ойындарында 2 алтын, 1 күміс жүлде олжалаған каратэшілерді жерлестері зор қошеметпен күтіп алды. Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жауапты бәсекелерде сәттілік тіледі. Жазғы Азия ойындарында шымкенттік каратэшілер 2 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) мен Қайсар Алпысбай (60 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. 84 келіде Данияр Юлдашев күміс жүлдені қоржынға салды. Бұл – тарихи жетістік.

502

Шымкент қаласында жастарға арналған «ZHAS PROJECT» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен, ҮЕҰ үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік грант шеңберінде қолға алынып отыр.

606

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы жұмыспен қамту шаралары, ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтердің орындалу барысын баяндады.

607

Шымкенттік спортшылар Азия ойындарында 5 алтын жүлде жеңіп алды

24 қыркүйек және 7 қазан аралығына жоспарланған Ханчжоудағы (Қытай) жазғы Азия ойындары да тарих қойнауына кетті. Еліміздің спортшылары кезекті бәсекені 10 алтын, 22 күміс, 48 қола жүлдемен, жалпыкомандалық есепте 11-ші орынмен аяқтады. Жарыстың соңына қарай каратэшілер жарқын жеңіске жетті. Көркем гимнастикадан ҚР ұлттық құрамасы жекелей жаттығу сынында 2 жүлде олжалап, тарихи жеңіспен қуантты. Шымкент қаласының спортшылары төртжылдықтың басты сайысында 5 алтын, 10 күміс, 11 қола жүлдеге иелік етті.

604

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан құрылған Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы тұрғындарға атқарылар жұмыстардың негізгі басым бағыттарынан хабардар етіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады.

265

ТАРИХТЫҢ ЖАҢА БЕТІН АШҚАН ҰЛАНДАР

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:19

2022 жылы күрес түрлерінен Ұланбатырда (Моңғолия) өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінен екі бірдей алтын жүлдеге қол жеткіздік. Шымкенттік балуандар Мейіржан Шермаханбет пен Әлімхан Сыздықов Қазақстан қоржынына қос алтын салды. Расында, оңтүстік жұртына Азия чемпионатының алтын жүлдесі үлкен олжа еді. Әлемдік саптағы мықты балуандардың бірі Мейіржан Шермаханбет биылғы Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Бұл жүлдені спорт жанкүйерлері үзақ күткен болатын.

250

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туған жерге оралды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысының жеңімпазы Зухра Ирназарова, ұлттық құрама сапында күміс жүлдегер Фатима Ирназарова, стенд атудан скит бағдарламасы бойынша жеңімпаз Зоя Кравченко, нысана көздеуден қола жүлдегер Никита Чирюкин және таэквондодан қола жүлдегер Смайыл Дүйсебайды Шымкент әуежайынан жерлестері қошеметпен күтіп алды.

518

Страница 10 из 82