10 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ
Среда, 12 Июль 2023 04:25Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде 5 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады.
ШАПЫРАШТЫ МЕН ӨТЕМІС
Среда, 12 Июль 2023 04:07Жергілікті кәсіпкерлер туған жерін түлетуде
Қаратау ауданында елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік нысандар, спорт алаңшасын салу жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Биыл ауданда 34 спорт алаңшасын пайдалануға беру жоспарланған. Аудан аумағындағы Шапырашты және Өтеміс тұрғын алаптарында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз-туры ұйымдастырылды.
ЕКІ КӨШЕДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Среда, 12 Июль 2023 04:06Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабында Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексерді.
ШАРУАШЫЛЫҚ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫН САЛДЫ
Среда, 12 Июль 2023 04:05Алтынтөбе тұрғын алабындағы Алдоңғаров шаруашылығында 200 бас ірі қара мал мен 50 бас жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда 80 пайызға жуығы аяқталған.
ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Среда, 05 Июль 2023 05:17Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы өтті. Жиында негізінен Шымкент қаласының жаңа Бас жоспары талқыланып, ол бойынша шешім қабылданды.
Қанат рекорд жасады
Среда, 21 Июнь 2023 05:27Абай саябағындағы жаңадан ашылған скейт-парк аймақта кезекті рет «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық жарысы өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, BASQAZHOL спорттық қозғалысы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға жалпы 200-ден астам қала тұрғыны қатысып, бақ сынады.
«ҚАЗАҚ БАУЫРЛАРЫМА МЫҢ АЛҒЫС»
Пятница, 09 Июнь 2023 04:58Аспан асты елінен келген қандасымыз осылай дейді
Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионаты тарихи жеңіс сыйлағаны мәлім. Сырт елде жүрген қазақ ұландары өзге елдің туын көтеріп, Әнұранын шырқатты. Әлемнің қай қиырында жүрсе де олар біздің бауырларымыз. Жанкүйерлердің де керемет қолдауына куә болдық. 80 келідегі бәсекеде қос қазақ алтын жүлдеге таласқаны да жанкүйерлердің делебесін қоздырды-ақ. Соңында екеуі жеңімпаздар тұғырында қатар тұрды. Иә, көңіл сүйсінетін жағдай.
ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ ЖОҚ
Среда, 07 Июнь 2023 04:52Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Аймағамбетов шаһардағы заңсыз автожуу нысандары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Бауыржан Ильясұлының айтуынша, басқарма тарапынан 36 автокөлік жуу иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.