Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған акция аясында аз қамтылған отбасылардың 1 мың баласына мектеп сөмкесі мен оқу құралдары тапсырылды.
Биыл Рамазан айы 23 наурызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келді. Мұндай сәйкестік 33 жылда бір келеді екен. Күн мен түн теңеліп, жұрт Ұлттық мерекені тойлаудан кейін қасиетті айдың құрметіне ауыз бекітеді. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – шарапаты мен шапағаты мол…
Үшінші мегаполисте  қала әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасуда. Бүгін «Ақмешітте» 750 отбасыға ауызашар есебінде азық-түлік себеттері таратылды. Игі іске Шымкент қаласының бас имамының орынбасары М. Естеміров, «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі А.Азимбаев қатысты.
Рамазан айының алғашқы күнінде Шымкент қаласы әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп «Рамазан қоржыны» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға ауызашар есебінде азық-түлік себеттері таратылды.
Биыл 2 сәуірден бастап күллі мұсылман жұрты Рамазан айында ораза тұтып, ауыз бекітуді бастайды. Бүкіл дүниежүзін әбігерге салған коронавирус дертінің салдарынан екі жыл қатарынан адамдар оразаны үйлерінде ұстап, мешіттер санитарлық талаптар аясында жамағатпен құлшылық рәсімдерін орындауда біраз шектеулерге барған болатын. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты биыл…
Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтар достығы» университетінің мәжіліс залында «Түзеу мекемелеріндегі қызметкерлерінің діни біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Шымкентте карантин талаптары қайта күшейтілді. Ал бұл жағдайда Құрбан айт мерекесі биыл қалай тойланады? Құрбандық шалу рәсімі өте ме? Осы және өзге де сауалдарға дін саласының мамандары жауап берді.
Шымкент қаласының орталық мешіті жанындағы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінде имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» ашылды. Имандылық мекемесі ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасымен қолға алынып отыр. Аталған орталықтың жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы…
«Шымкент – қайырымды қала» бастамасына ата дініміздің қосар үлесі зор». Қала әкімі Ерлан Айтаханов «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық форумдағы құттықтау сөзінде осылай деді. Үшінші мегаполисте ҚМДБ-ның Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен имамдардың аймақтық форумында рухани құндылықтар жайлы…
Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесе ұйымдастырған «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі Исламның рөлі» тақырыбындағы семинарда өзекті мәселелер талқыға түсті.