Версия для печати

Берсе қолынан, бермесе жолынан... Избранное

Среда, 16 Ноябрь 2022 04:40 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 6653 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары 3 жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасындағы бәсекеде Жайна Шекербекова кезекті рет құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. Жерлесіміз 2010 жылы елорда төріндегі чемпионатта алғашқы алтын жүлдесін қоржынға салған болатын. Енді міне, Амман шаршы алаңында да бағы жанып, Әнұранды шырқатты.

758

 

54 келіде бақ сынаған Ж.Шекербекова жартылай финалда Тайвань елінің спортшысынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Финалда тайландтық Жутамас Житпонгты 5:0 есебімен жеңді. Ал 66 келіде Мадина Нұршаева Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Сондай-ақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан (54 келі) құрлық чемпионатында екінші орыннан көрінді. Шымкенттік жас дарын Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, филиппин спортшысы Карло Паламмен алтын жүлдені сарапқа салды. Аса тартысты өткен бәсекеде Сабырхан ұпай санымен есе жіберіп алды.
Сөйтіп, шымкенттік спортшылар кезекті Азия чемпионатын оң нәтижемен қорытындылады. Алда жауапты жарыстар күтіп тұр.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.