Қала әкiмiнiң жүлдесiне арналды Избранное

Среда, 15 Июнь 2016 04:37 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4714 раз

Шымкенттегі жеңіл атлетикалық манежде бокстан жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Биыл 7-ші рет өткізіліп отырған чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан 180-нен аса спортшы қатысып отыр.

Былғары қолғап додасының ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, жас боксшыларға сәттілік тіледі.

– Өздеріңіз білесіздер, бокс елімізде қарқынды дамып келе жатыр. Біздің боксшыларымыз әлемдік ареналарда жақсы нәтиже көрсетуде. Осы жылы біз қалалық №5 спорт мектебіне қаржылай көмек көрсетіп, шымкенттік жастарға жақсы жағдай жасадық. Алдағы уақытта жекпе-жек спортына да көңіл бөліп, жаңа кешен салуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан, бокс өнері Шымкент қаласының атын шығарады деп сенемін. Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жарысты ашық деп жариялаймын, – деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.

Сонымен қатар, қала әкімі 2016 жылдың мамыр айында Павлодар қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Нұрдәулет Ұланұлына құрмет көрсетіп, бапкері екеуіне қаржылай сыйлық табыстады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.