«Еуро» тарихындағы елеулi оқиғалар

Среда, 22 Июнь 2016 09:51 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4181 раз

Әлемдік футбол жанкүйерлерінің дегбірін алған Еуропа чемпионатында мықтылар іріктеліп келеді. Топтық кезеңнің үшінші айналымы бастауын алып, әр топтың көшбасшылары анықталып жатыр. «А» тобында Франция, «Б» тобында Уэльс, «С» тобында Германия алғашқы орынға жайғасса, «Д» тобынан Испания, «Е» тобынан Италия, «Ф» тобынан Венгрия көш басында тұр. Франция, Швейцария, Уэльс, Англия, Испания және Италия құрамалары 1/8 ойындарына берілетін жолдама мәселесін шешіп те үлгерді.

Біз бүгін Еуро тарихына көз жүгіртіп көрмекпіз. 1960 жылы бастауын алған кəрі құрлықтың басты бəсекесінің тарихында таң қаларлық қызықты оқиғалар аз болмаған.

Турнирдің 58 жылдық тарихында мəңгі сақталар қызық ойын 1968 жылы тіркелді. Аталмыш ала доп бəсекесінде 4-ақ құрама қатысса да, дəл осы жылғы Еуро ең қызықтыларының бірі болып есептеледі. Себебі, алғашқы Италия мен КСРО арасындағы болған ойын тағдырын тиын тастау арқылы шешкен. Ойын басталмастан бұрын Кеңестік Үкімет құрамасы фаворит болып танылған жəне ойынның қос таймында да, қосымша уақытта да аталмыш команда ойынды өз қолдарына алғанымен, гол соға алмаған. Нәтижесінде, ойын тағдырын тиын тастау арқылы анықтауға бел буып, Италия капитаны Джичинто Факэтти өз еліне жеңіс сыйлады. Бұл турнир тарихындағы осындай жолмен шешілген алғашқы жəне соңғы ойын боп тіркелген.

Дəл осы 1968 жылғы финал да тарих беттерінде тұр. КСРО-мен болған тартысты ойыннан соң италияндықтар Югославиямен жолықты. Өз кезегінде Англиядан басым түскен югославиялықтар Италия қақпасынан қос таймда да саңылау таба алмай, экстра-таймда да қақпа төрін тулата алмады. Ойын тең аяқталып, турнир тарихындағы ең қызықты оқиғалардың бірі тіркелді. Бəсеке ұйымдастырушылары алғашқы ойындағыдай тиын тастау əділетсіз болады деп шешіп, финал екінші рет ойнатылды. Нәтижесінде, Италия чемпион атанды.

1976 жылғы бəсеке бұрынғы Чехословакия үшін жеңісті аяқталды. Сенсациялық түрде финалда немістерден басым түскен чехословактар үшін бұл турнир халықаралық аренадағы алғашқы жеңіс болды. Алайда, ең қызық нәтиже төрт жылдан кейінгі Еурода тіркелді. 1980 жылғы бəсекенің шымылдығын өткен турнир финалисттері Германия мен Чехословакия түрді. Немістер өткен финалда кеткен есесін қайтарып, сол жылғы чемпион атанды. Бұл Еуро тарихында бұрын соңды болмаған жəне күні бүгінге дейін қайталанбаған ойын болып есептеледі.

Өткен қызықты оқиғада қос команда екі бəсекеде екі рет жолықса, 2004 жылғы Еурода екі құрама бір турнир барысында екі рет жолыққан. Осы жылғы Еуроның шымылдығын жарыс қожайындары жəне фавориттер тізіміндегі Португалия мен Греrия ашып, ешкім күтпеген жерден гректер 2:1 есебімен басым түседі. Бірақ, ең қызығы екі ел құрамасы финалда да жолығады жəне Грекия əйгілі Фигу бастаған жігіттерден тағы да басым түседі. Бұл футбол тарихында ашылуы мен жабылуы бірдей болған алғашқы чемпионат еді.

Бір финалда болған қызықты оқиғалар одан кейін де қайталанатынын тарихтан білеміз. 1996 жылғы Германия мен Чехияның, 2000 жылғы Франция мен Италияның арасында өткен шешуші ойындар сөзімізге дəлел. Екі финалдық бәсекенің ұқсастықтары өте көп. Біріншісінде, немістер де, француздардар да шешуші сәтте әуелі гол жіберіп алса да, соңына қарай жарыс жеңімпазы болған. Екіншісінде қос финал тағдыры да «алтын гол» арқылы шешілген. Жəне де ең қызығы жеңіс сыйлаған қос голды да қосалқы құрамнан қосылған ойыншылар соққан. 1996 жылы Оливер Бирхоф Германияға кубокты алып берсе, 2000 жылғы финалда Трезеге Францияға жеңіс сыйлады.

Еуро-2016-дан де күтетін қызықтар аз емес. Ешкім болжап білмейтін ала доп бəсекесі естен кетпес із қалдырарына сенім мол. Көз алдымызда жазылып жатқан тарихттағы қызықты оқиғалардың бірқатары осындай.

Досхан ТӨЛЕГЕНОВ,
Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ-дің студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.