Спортшыларға ақ жол тiледi

Пятница, 01 Июль 2016 06:12 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4624 раз

Әне-міне дегенше Олимпиада ойындарының алауы тұтанғалы тұр. Оңтүстік Қазақстан облысының Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Балғабай Елшиев Рио-де-Жанейроға баратын спортшыларына сәт сапар тіледі. Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Ю.Юрков, Б.Жақыпов, Р.Юнусметов, Л.Сайдиева, Қ.Ералиева, П.Алиев және Ж.Шекербекова Бразилия сапарына сақадай сай. Спорт мектебінің басшысы Б.Елшиев спортшыларға «Бата» дәстүрлі монетасын табыстап:

WP 20160630 013

– Бұл біздің тілегіміздің жиынтығы. Спортшыларымызға дем берсін деген ниетпен сыйлап отырмыз. «Біздің спортшылар» дегенімізбен барлығыңыз Қазақстанның намысы үшін сынға түсесіздер. Сол үшін Олимпиадаға баратын баршаңызға ақ жол тілейміз, – деді. 

WP 20160630 007

Жиын соңында ОҚО ЖКСШ мектебінің ұжымы журналистерді де кәсіби мерекемен құттықтады. «Баласы атқа қонса, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші, 5 - 21 тамыз аралығында өтетін ХХХІ Олимпиада алдында толқымаған спорт жанкүйері жоқ шығар. Айта кетейік, қазақ спортшыларының жетістігін Риодан тікелей сүйіншілеу үшін Оңтүстік Қазақстан облысынан Бақтияр Тайжан тарихи сапарға аттанады.

Последнее изменение Вторник, 12 Июль 2016 11:34
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.