Жеңiмпазға – 7 мың АҚШ доллары

Среда, 10 Август 2016 09:12 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5561 раз

Шымкентте футболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы халықаралық турнирі жалауын көтерді. Дәстүрлі сайыс биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр. Қатысушы құрамалардың арасында Албания, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан командалары бар.

 cRFyxknueEБұл – күнгей өңірде жалғасып жатқан тұңғыш бәсеке. Ең алғаш 2008 жылы Алматы қаласында бастау алғаны көпшілікке мәлім. Соңғы алты жыл бойы Астанада ұйымдастырылып келді. Қазақстан футбол федерациясы басшылары биылғы турнирді Оңтүстікте өткізуді ұйғарыпты. 

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қатысып, құттықтау сөзін арнады. Тамаша бастаманы көтерген Қазақстан футбол федерациясының басшыларына алғысын айтты. 

8 тамыз күні басталған тартысты ойындар 12 тамызға дейін жалғасады. Електік сындар «Тассай» шағынауданындағы «БИІК» стадионында өтіп жатыр. Соңғы шешуші матч 12 тамыз күні Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры да қомақты. Бірінші орын иегеріне 7 мың, екінші орынға 5 мың АҚШ доллары беріледі. Үшінші орын иегеріне берілер сый – 3 мың АҚШ доллары.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Елдос ерлiк жасаған күн Тұңғыштың тұғыры биiк »