Қол күресшілеріміз – әлемде үздік

Среда, 12 Октябрь 2016 05:46 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5826 раз

Қол күрестен Оңтүстік спортшылары әлемде үздік екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жолы Болгарияның Благоевград қаласында өткен әлем чемпионатынан ақжолтай хабар келіп жетті. Байрақты бәсекеде өнер көрсеткен Шардара ауданының қол күресшілері ел қоржынына 4 алтын, 1 күміс, 1 қола салды.

14355640 595989620608004 568882579222016539 n

14581539 348396578826111 8125876559603638901 nКөпшілік біледі, армлестинг бәсекесі бойынша Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың басым бөлігі осы ауданнан. Шағын ғана ауданда небір талантты жастар көп. Шардараның шымыр жігіттері әлемдік додалардан жүлдесіз қайтқан емес. Болгариядағы чемпионатта олар абыройымызды асқақтатып, Қазақ елінің көк туын желбіретті. Алдымен жастар арасындағы бәсекеде білек күшін байқатқан Ердәулет Нұрмахан (50 келі), Нұрдәулет Айдархан (60 келі), Талғат Ақтаев (65 келі) әлем чемпионы атанды. Ал 70 келі салмақта өнер көрсеткен Қайырхан Шәмиев ІІ орынды иеленсе, 55 келі салмақтағы Қыдыр Өсербай мен осы салмақтағы Ләззат Мәлікайдар ІІІ орынды еншіледі. 

Жарыстың келесі күнінде біздің қол күресшілер тағы да ерледі. Атап айтсақ, ересектер арасында 60 келі салмақта сайысқа шыққан Нұрдәулет Айдархан мен 75 келі салмақта қол күрестірген Шынболат Райханов қарсыластарын қапы қалдырып, чемпион атанды. Ал 75 келідегі Мағжан Шәмиев екінші орынға тұрақтап, күміс медаль иеленді.

Последнее изменение Среда, 12 Октябрь 2016 08:27
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.