Конфедерация кубогын жеңіспен бастады

Пятница, 21 Октябрь 2016 08:02 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4289 раз

Елімізде спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының Кубогы бәсекесі күнгей өңірден бастау алды. Шымкент қаласындағы жеңілатлетикалық манежде «С» тобының іріктеу сындары өтті. ОҚО спортшылары грек-рим, еркін күрес және таэквондо бәсекелерінде жеңімпаз атанды.


Ow3UU2wi2PsКонфедерация кубогы бәсекесі – айтулы оқиға. Мұндай сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сайыстың жалпы жүлде қоры – 125 миллион теңге. 

ОҚО құрамасымен бірге Павлодар, Қостанай және Қарағанды облысы командалары да «С» тобына тобына түскен. Дүбірлі доданың алғашқы іріктеу сыны да Шымкенттен басталып отыр. 

Жарыстың ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, облыстың спорт саласының басшылары қатысты. 

ОҚО спортшылары ширақтық танытып, өз жанкүйерлерінің көңілін көтеріп тастады. Грек-рим, еркін күрес және таэквондо бойынша құрамада кіл мықтылар жиналған. Атап айтқанда, грек-рим құрамасы сапында Нұрсұлтан Қалмұрзаев, Асхат Жаңбыров,Рашид Кочиев, Дамир Күзембаев, еркін күресте Бақдәулет Әлментай, Нұржан Сейітжан, Ержан Дүйсенбеков сынды балуандар белдесті. Ал таэквондо бойынша Нұрсұлтан Мамаев, Смайыл Дүйсебай сынды тәжірибелі спортшыларға арқа сүйедік. 

Сонымен, грек-рим, еркін күрес және таэквондодан ОҚО құрамасы жеңімпаз атанды. Ал дзюдо бойынша Қарағанды облысы үздік шықты. Жерлестеріміз енді 3-4 желтоқсанда Алматы қаласында өтетін соңғы финалдық сында бақ сынайды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.