Әлем назары – Алматыда... Избранное

Пятница, 20 Январь 2017 08:37 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5894 раз

Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға соңғы дайындық шаралары жүріп жатыр. Универсиаданың алауының жағылуына 9 күн қалды. Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбектің айтуынша, әсем қала Универсиада ойындарын өткізуге дайын. Барлық жаңа нысандар пайдалануға берiлген. Қалған нысандарды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Ал қазірдің өзінде Универсиада алауын ұстайтындардың да тізімі анықталды. Олардың қатарында Рио ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл да бар.

a073c417502719.562bb2d82a3ab

Жарыс жолына шығатын – 168 спортшы...

ҚР Үкiметінің отырысында Қысқы Универсиадаға дайындық шаралары талқыға түскен-ді. Алматы қаласының әкімі Б.Байбек "Бүгiнде өтiнiш берген 60 елдiң 57-сi аккредитацияны аяқтады. Бұл – қысқы Универсиада тарихындағы рекордтық көрсеткiш. 35 мемлекет 25 пайыздық кепiлдiк жарнаны төлеп қойды",– деп мәлімдеді.
Ал ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдегендей, ел Үкіметі Универсиада ойындарының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне берілер сыйақы көлемін жария етті. Сонымен, бiрiншi орын иегеріне 4 млн 900 мың теңге, 2 орын иегеріне 3 млн 300 мың, 3 орын иегеріне 1 млн 600 мың теңге сыйақы берілмек. Мұндай сыйақы жаттықтырушыларға да қарастырылған.
Дүниежүзілік додада ел намысын қорғайтын спортшылардың жалпы саны –168. Спорт түрлері бойынша команда құрамалары да анықталған. 65 жаттықтырушы бүгінде шәкірттерінің соңғы дайындығын пысықтап жатыр.

MAX 3952

Жазира Жаппарқұл алаугерлер қатарында

Универсиада аясында көпшілік асыға күтіп жүрген шараның бірі – Алау эстафетасы. Бүгінде еліміздің 16 қаласында дайындық шаралары қыза түскен. Универсиада алауын көтеру құрметіне лайықты тұлғалардың да есімі анықталып қойды. Алау көтерушілерің 70%-ы – ғылым, мәдениет және спорт саласында жетістіктерге жеткен 17-28 жас аралығындағы студенттер.
Олардан бөлек, спорт саласында елдің атын танытқан белсенді азаматтар да бар. Олардың қатарында грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов, 1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, жүзуден 2016 жылғы олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, тағы да басқа белсенділер бар.
Универсиада алауы 5 күн бойы елдің әр аймағын аралап шықпақ. Іс-шара 25 қаңтарда Астана қаласынан бастау алады. Одан әрі 26 қаңтарда – Шығыс, 27 қаңтарда – Батыс, 28 қаңтарда Оңтүстік өңірінде жағылады.
Оңтүстікте өтетін бұл іс-шараға әр салада жетістікке жеткен 60 адам қатысады. Әлемдік бәсекеге арнайы дайындалған факелді алып жүрушілердің қатарында бокстан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, даңқты боксшы
Мұхтархан Ділдәбеков, Рио ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, олимпиада ойындарына қатысушы
Сәбина Әшірбаева, тағы басқалар бар.


bobber ruІрі масштабтағы кез келген мәдени іс-шара туризмді дамытуға зор мүмкіндік бермек. "Экспо-2017" көрмесі де туристерді көптеп қызықтырар жиынға айналғалы отыр. Ал қыр астында тұрған Қысқы Универсиадаға дайындығымыз қандай? Ресми мәліметтерге сүйенсек, жанкүйерлер үшін 77 200 билет сатылыпты.

Статистика бойынша ерлер мен әйелдердің мәнерлеп сырғанау жарысына билеттің 60 пайыздан астамы сатылған. Сондай-ақ, көрермендердің шорт-трек жарысына да қызығушылығы басым.
Таяуда Қазақстан туристік қауымдастығының өкілдері Шымкентте Универсиадаға дайындық шаралары жөнінде жиын өткізді. Қалалық спорт бөлімдерінің мамандары, туристік ұйым өкілдері үшін ұйымдастырылған жиында біраз мәселелер сөз болды. Негізінен, қауымдастық өкілдері Алатау баурайына келушілерге арналған туристік бағдарламаларымен таныстырып, жалпы қалаға туристерді тарту ерекшеліктеріне тоқталды.
Ұйымның менеджері Клара Мамутованың айтуынша, Алматы Универсиада қонақтарын қабылдауға дайын. Универсиаданың бас тур операторы халықаралық «Complet Service» компаниясы бірқатар мәдени-туристік бағдарламаларды ұсынбақ.
Негізінен, тур үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең – 28 қаңтар мен 3 ақпан, екінші кезең – 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығын қамтыса, үшінші кезең соңғы жабылу салтанатын тамашалаушыларға арналыпты. Ең қызығы, туристердің бірі Алматыдан пәтерге ие болмақ.
Хабарлай кетсек, әлемдік бәсекеге Қазақстаннан 2532 ерікті тартылса, оның ішінде Шымкенттен 54 ерікті таңдап алынған.

Последнее изменение Пятница, 20 Январь 2017 11:57
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.