«Ордабасы» ел чемпионын ойсырата ұтты

Пятница, 10 Март 2017 04:41 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4259 раз

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы туры 8 наурыз күні болып өтті. Шымкенттік «Ордабасы» командасы өз алаңында былтырғы ел чемпионы «Астананы» қабылдап, 3-0 есебімен басым түсті.

51a275b498b1e26c0f20f34f2415d9bd-1

Ойын алаң иелерінің шабуылымен басталды. Сондай шабуылдардың бірін қонақтар әупірімдеп жүріп қайтарғанымен, төреші Эричтің қақпасына айып добын белгіледі. Мүмкіндікті мүлт жібермеген Мардан Төлебек есепті ашып, командаластарын алға шығарды. 

34ba60b3130c2898ced00a6e39432172

Елордалық клуб екінші таймды қарқынды шабуылдармен бастады. Допқа иелік ету басымдығы да қонақтарда болды. Дегенмен, қанша шабуылдаса да, Алмат Бекбаев қақпасына доп дарыта алмады. Ал керісінше Алексей Петрушин шәкірттерінің шабуылдары нәтиже бере бастады. Ойынның 74 минутында команданың жаңа ойыншылары есепті еселей түсті. Таңат Нөсербаевтың берген пасын Азат Нұрғалиев сәтті аяқтаса, Диакате ойынның бітуіне санаулы минуттар қалғанда тағы бір гол соғып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. 

4eaeb-Radost-Ordabasy

Айта кету керек, бірнеше күн бұрын облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев «Ордабасы» командасымен кездесіп жаңа маусымға дайындығымен танысқан болатын. Кездесуде команда президентi Бақтияр Байсейiтов биылғы меже ҚПЛ-да үздік үштікке кіріп, Еуропа лигасына жолдама алу деген болатын.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.