Мұғалімдер жарыс жолына шықты

Пятница, 31 Март 2017 07:25 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 6523 раз

Шымкентте білім қызметкерлері арасындағы дәстүрлі қалалық спартакиада басталды. Сайысқа қалалық білім бөліміне қарасты 125 мектептің командалары қатысуда.

IMG 9022-1

Спартакиада 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең аумақтық деңгейде спорттың 6 түрінен (волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, нысана көздеу, кір тасын көтеру) өтеді. Алғашқы кезеңде спорттың әр түрінен үздік шыққан командалар жарыстың екінші кезеңі – аудандық жарысқа жолдама алады. Аудандық жарыста 1-2 орын алған командалар үшінші кезеңге – қалалық шешуші ойындарда өзара бақ сынайды. 

Айта кету керек, кір тасын көтеру жарысының қорытынды кезеңі №90 жалпы орта мектебінің ғимаратында өтеді. Спартакиаданың жабылу салтанаты 1 сәуір күні сағат 15:00-ге белгіленген.

Последнее изменение Пятница, 31 Март 2017 07:45
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.