Оңтүстік журналистері – Бердіқұлов турнирінің күміс жүлдегері

Среда, 23 Август 2017 05:47 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 203 раз

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен журналистер арасындағы Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі респубилкалық турнир аяқталды.

berdiqulov-2

Бас-аяғы 22 команда қатысқан футбол жарысында ОҚО құрамасы күміс медаль иеленді. Бұл бәсекеде Оңтүстіктен екі команда сынға түсті. 

Жеребе қорытындысы бойынша «ОҚО-1», «Қазмедиа», «Тараз», «Ел арна» командалары бір топқа түсті. Оңтүстік журналистері алғашқы кездесуді «Қазмедиа» командасымен өткізді. Тартысқа толы ойында барлығы 7 гол соғылып, 4-3 есебімен жеңіске жетті. Екінші және үшінші кездесулерде «Тараз», «Еларна» журналистерімен 1:1 есебімен тең ойнап, топтық кезеңнен бірінші болып шықты. 

1/4 финалда өз тобынан екінші орынмен шыққан «Тараз» командасымен қайта кездесіп, 2:4 есебімен басым түсті. Ширек финалда Астанада «Елорда ақпарат» командасын жеңді. Есеп 4:2.  Ал финалда ел газеті «Егемен Қазақстан» командасына 2:1 есебімен жол беріп, күміс жүлдегер атанды. 

berdiqulov

Осылайша Оңтүстік журналистері тұңғыш рет дәстүрлі түрде өткізілген қазақ спорт журналистикасының атасы Сейдахмет Бердіқұлов турнирінің финалисі атанды.

Сонымен қатар, турнир барысында "Оңтүстік Қазақстан" газетінің журналисі Ғабит Сапарбековке С. Бердіқұлов атындағы сыйлық табысталды.

Айта кетейік, Оңтүстік журналистері футбол командасында «Шымкент келбеті» газетінен Сәбит Тастанбек пен Қанат Сапарғали өнер көрсетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.