Стадионның шамдары жарқырап тұр Избранное

Среда, 13 Сентябрь 2017 04:15 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4479 раз

Спорт жанкүйерлері үшін сүйінші жаңалық. Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионның шамдары жанып, прожекторлары (жарықшамдары) жаңартылды. Енді «Ордабасы» клубы өз алаңындағы ойындарын аталған стадионда кешкі уақытта да өткізе алады.

21731215 391619927921251 2496701440430426804 n 1

Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жарық мәселесі жергілікті командалардың өз алаңындағы ойындарын өткізуге көп кедергі жасағаны белгілі. Қазақстанның футбол лигасы орталық стадионда ойындар өткізуге тиым салған соң «Ордабасы» өз кездесулерін «БИІК» алаңқайында және ЕУРО лига аясындағы ойындарды Алматының Орталық стадионында өткізуге мәжбүр болды. Енді міне, мемлекеттік бюджеттен бөлінген 204 млн теңге қаржыға сапалы жарықшамдар орнатылды. 

shymkala 72-1

Мамандардың айтуынша, еліміздегі үшінші ірі стадионның жарық қондырғылары 50-жылдан бері алмастырылмаған екен. Енді ЕУРО талаптарына сай, яғни италиялық заманауи электр қондырғыларымен жабдықталды. Жарықшамдардың жарық беру қабілеті бірнеше атқарымды (функциялы). Атап айтқанда, жаттығу жұмыстарына, ресми ойындарға және телетрнасляциялы ойындарға арналған.

Еске сала кетсек, аталған алаңда 10 қыркүйек күні «Ордабасы» клубы «Таразды» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.