Версия для печати

Шымкенттің қыздары бабында Избранное

Среда, 18 Октябрь 2017 05:02 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3572 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Швейцарияның Ньон қаласында әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8-финалдық жеребесі тартылды.

biik-1

Соңғы жылдары ел біріншілігінде қарсыластарына дес бермей жүрген шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» клубы Францияның 15 дүркін жеңімпазы «Лион» командасымен кездесетін болды. 

Бірінші ойын Шымкентте, қарымта матч Францияда өтеді. Сонымен қатар, өз елінің кубогын 9 рет жеңіп алған «Лион» УЕФА Чемпиондар лигасында да төрт рет топ жарған. Екі рет финалына шыққан. «Лион» бүгінде Еуропаның маңдайалды лигасында қарсылас шақ келтірмей жүр. Соңғы екі жылда қатарынан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. 

Сонымен, лиганың бірінші ойыны 8/9 қарашада, қарымта матчы 15/16 қарашада сарапқа салынады. 

Айта кетейік, «БИІК-Қазығұрт» Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8-финалына екінші жыл қатарынан шығып отыр. Биыл шымкенттік команда 1/16 финалда Шотландияның «Глазго» клубын саптан шығарған болатын. Өз алаңында 3:0 есебімен жеңіске жеткен «БИІК-Қазығұрт» сырт алаңда 1:4 есебімен қарсыласына жол берген. Дегенмен, сырт алаңдағы соғылған доптың нәтижесінде, келесі кезеңге өту мүмкіндігіне шымкенттік арулар қол жеткізген еді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.