Версия для печати

Оңтүстік жігіттері озды Избранное

Среда, 15 Ноябрь 2017 06:00 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4024 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Облыс құрамасы бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатын табысты аяқтады.

shymkala-4

Шымкент төрінде керілген шаршы алаң кіл мықтыларды анықтап берді. Бір аптаға созылған сында ОҚО боксшылары 3 алтын, 2 күмiс, 3 қола жүлде иеленiп, жалпыкомандалық есепте бiрiншi орын алды. 

Әдеттегідей, ОҚО денешынықтыру және спорт басқармасы, ОҚО бокс федерациясы чемпионатты жоғары деңгейде өткізді. 

shymkala-5

Облыс құрамасы сапынан Олжас Байниязов (52 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) және Абай Төлеш (75 келі) жеңімпаз атанды. Шалқар Айқынбай (49 келі) мен Закир Сафиуллин (60 келі) финалда есе жіберіп, күмісті қанағат етті. Сондай-ақ, Бек Нұрмағанбет (81 келі), Абзал Құттыбеков (91 келі) және Мұхамеджан Еркін (91 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР Президент кубогының жеңімпазы Б. Нұрмағанбет «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына ие болды. Бокс мамандары бұл біріншілікте түркістандық жас дарынның өнеріне жоғары баға беріп отыр. 

shymkala-2

Сонымен, Нұрлан Айтуаров жетекшілік ететін ОҚО боксшылары чемпионатқа тыңғылықты дайындалғандарын дәлелдеп берді. Алда – Азия ойындары. 

Жалпы, бұл чемпионатта Маңғыстау, Астана және Ақмола облысының өрендері де тәуір нәтиже көрсетті. Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Олимпиада ойындарына қатысушылар – Берік Әбдірахманов пен Ілияс Сүлейменов сынды тәжірибелі спортшылар жеңімпаз атанды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.