«Мәслихат» командасы – чемпион Избранное

Среда, 06 Декабрь 2017 06:28 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3150 раз

«SportLife» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Шымкент қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен футболдан халықаралық турнир өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ, Алматы және тағы басқа өңірлерден 16 команда қатысты.

IMG 9103

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров жиналған қауымды мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

«Айжарық» корпорациясының президенті, қалалық мәслихаттың депутаты Талғат Әмірбекұлының айтуынша, биылғы жарыстың басты ерекшелігі, жасы 40-тан асқан ардагер спортшылар бақ сынады. Олар осы арқылы жастарға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттады. 

IMG 9105

Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Шымкент қалалық мәслихатының «Мәслихат» командасы, ІІ орынды «Бірлік» командасы иеленді. Сондай-ақ, Фархат Юлдашев «Үздік қақпашы»,  Мадияр Күмісбеков «Үздік қорғаушы», Серік Өтебаев «Үздік жартылай қорғаушы», Омархан Көбеев «Үздік тұрақты ойыншы», Таирбек Нұрымбетов «Үздік шабуылшы», Андрей Ваганов «Үздік ойыншы» атанды.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.