Версия для печати

«Сенің жаңа қырың!»

Среда, 30 Май 2018 04:36 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4323 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында республикалық «Сенің жаңа қырың!» спорттық акциясы өтті. Алғаш рет өткізіліп отырған бұл игі бастама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауына ие болып, еліміздің барша өңірлерін қамтуда.

DSC 0787

Спорттық челленджге спорт саңлақтары мен студенттер, спорттық мектептердің тәрбиеленушілері және қала тұрғындары қатысты.
Акцияны телекөпір арқылы Астана қаласынан еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып беріп, барша қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін спорттық шараны қолдауға шақырды.
Осылайша Оңтүстік жұртшылығы да бұл акцияға өз үлестерін қосты. Алаңға жиналған жастар «Сенің жаңа қырың!» акциясын қолдау мақсатында жалпы дене жаттығуларын жасап, флэшмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар спорт мектептерінен келген жас каратэшілер өз жаттығуларын ұсынды.

DSC 0839

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.