«БИІК-Қазығұрт» «Барселонамен» күш сынасады Избранное

Среда, 12 Сентябрь 2018 05:11 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 582 раз

Бүгін, 12 қыркүйекте, футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 кезеңі өтеді.

шымкент спортшылары футбол

Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасы мен испаниялық «Барселона» командалары арасындағы ойын Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында (БИІК-Тассай) болады. Матч 17:00-де басталады.
Еске сала кетсек, 2015/2016 жылғы маусымда да шымкенттік арулардың каталондық футболшылармен жолдары түйіскен болатын. Шымкентте өткен алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең түссе, Испаниядағы қарымта кездесуде «Барселона» 4:1 есебімен басымдық танытқан еді. Бұл жолы қалай болар екен?
Келіңіздер! Барлығымыз өз командамызға жанкүйер болайық! Кіру ақысыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « #Baskazhol бокс клубы ашылды Ер кезегі үшке дейін... »