Халықаралық дәрежедегі марафон өтті Избранное

Среда, 17 Октябрь 2018 04:10 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1617 раз

«Шымкент-2018» марафонына Қазақстанның барлық өңірлерінен, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мен Ресейден, АҚШ пен Жапониядан келген 3000-нан астам адам қатысты.

IMG 9685

Марафон Қонаев даңғылындағы «Royal» фитнес-клубынан басталып, Наурыз алаңындағы (Бәйдібек би) мәре сызығымен аяқталды. Жарыс жолы 5, 10, 21 шақырым (жартылай марафон) және 42 шақырым (марафон) қашықтықтарға бөлінді. Әр қашықтықта түрлі жастағы қатысушылардан жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай құттықтады.
Айта кетейік, Шымкентте халықаралық дәрежедегі марафон алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін қаламызда жартылай марафон және жаппай жүгіру жарыстары өткен болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.