Олардың жетістіктері көпшілікке үлгі Избранное

Среда, 14 Ноябрь 2018 05:23 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1921 раз

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қалалық жоғары спорт мектебінде болып, ІІІ Паралимпиалық Азия ойындарының қатысушыларымен кездесті.

74

 

Спорттық шара Индонезия астанасы Джакарта қаласында 2018 жылдың 6-13 қазан аралығында өткен болатын. Онда 43 мемлекеттен 3000-нан астам мүмкіндігі шектеулі спортшы бақ сынады. Шымкент қаласынан Паралимпиалық Азия ойындарына 6 спортшы қатысып, 2 спортшымыз жүлделі орыннан көрінді. Мансұрбек Ибрашев суға жүзуден, 100 м арқамен жүзуден – 2 орын, 100 м еркін жүзуден 3 орын иеленген, Алина Дубинина 100 м еркін суға жүзуден 3 орын алған.
Кездесу барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов жерлестерімізді жеңісімен құттықтап, қала жұртшылығының атынан алғыс айтты.
– Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттік дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын тұратын азаматтар. Тәрбие мықты болса, барлық жерден үздіктер шығады. Бастысы тәрбие дұрыс, рух жағынан әлсіз болмауы керек. Сіздер осындай қайсар, рухани күшті азаматсыздар. Сіздер басқаларға үлгісіздер, – деген төраға орынбасары спортшылардың жеңісіне үлес қосқан, халық арасында саламатты өмір салтын насихаттап, еліміздің патриоттарын тәрбиелеп отырған жаттықтырушылар мен жақындарына ризашылығын білдірді.
Жиын соңында Паралимпиалық Азия ойындарында жүлдегерлері Мансұрбек Ибрашев және Алина Дубининаға партия атынан алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Последнее изменение Среда, 14 Ноябрь 2018 07:24
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.