Версия для печати

Турнир жеңімпаздары спорт шебері атанады

Пятница, 14 Декабрь 2018 05:00 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4900 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан  Мұңайтпасұлы кезінде 48 мемлекетте болып, күрескен, жауырыны жерге тимеген. Сондықтан қазақ  күресінің әр палуаны батыр бабамыздың  атындағы  турнирге  қатысып, өз мықтылығын  танытуға тырысады. Еліміздегі қазақ күресінен 4 ірі турнир ұйымдастырылса, оның біреуі – Қажымұқан атындағы халықаралық турнир. Алдағы уақытта аталған додада жеңіске жеткен палуандар мен жүлдегерлер Қазақстанның спорт шебері дәрежесін алады.

DSC 0962

Ұлтымыздың ұлы тойлары қазақ күресімен ерекше. Қазақ даласының батыры Қажымұхан бабамыздың есімі осы күрес арқылы тарих беттерінде алтын әріппен жазылды. Қазіргі таңда қазақ күресі елімізде басты спорт түрінің біріне айналды. «Қазақстан барысы» «Әлем барысы» сыңды турнирлер ұйымдастырылып, әлемдік деңгейде дамуда.
Қазақ күресі үшін қалтықсыз еңбек етіп жүрген Полат Наурызбайұлының дарынды шәкірттері қазақтың атын әлемге танытты. Елдің абыройын асқақтатып, егемендік туын үстем етті. Оған оңтүстік өңірі ғана емес, күллі ел куә.
Б.Саттарханов атындағы Түркістан облыстық спорт мектебінің басшысы жақында Қазақ күресі федерациясының вице-президенті лауазымына тағайындалды. Елімізде қазақ күресін көп жылдар бойы дамытуға атсалысып, халықаралық Қажымұқан атындағы турнирді үзбей өткізіп келе жатқан Полат Қырықбаев аталған турнирді Азия ойындарының тізіміне енгізуге талпынып жүр. Ендігі жерде қазақ күресін дамытудың жаңаша бағдарламалары қабылданады. Осындай жанашыр азаматтарымыздың арқасында қазақ күресі одан әрі дами береді.

333333

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.