Шаһарда алып спорт сарайы салынады Избранное

Пятница, 08 Февраль 2019 04:20 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4070 раз

Үшінші мегаполисте Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасының алауы жағылды. Тартысты дода 5 ақпаннан бастау алып, 10 ақпанға дейін жалғасады.

1

Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, спартакиаданы ашық деп жариялады.

– Елбасының спорт пен дене шынықтыруды дамыту жөніндегі бастамалары негізінде Шымкент қаласындағы Қажымұxан атындағы орталық стадионы ФИФА талаптарына сай толықтай жаңартылады. Футбол алаңының көгалына дейін қайта төселеді. Сонымен қатар шаһарымызда алып спорт сарайы салынады. Онда ойын алаңдарымен қатар, бокс, күрес залдары және су бассейні заманауи үлгіде болады. Шымкент қаласының спортшылары үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылады, – деді
Ғабидолла Әбдіраxымов.

Еліміздің әр өңірінде жалғасатын бəсірелі бәсекеде қатысушылар спорттың 40 түрі бойынша сынға түсіп, жыл соңына дейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады. Бесінші жазғы спартакиадаға еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 700-ден аса спортшы қатысуда.

Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және спортшыларды әлемдік жарыстарға дайындау. Атап айтсақ, 2019 жылы Астанада өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионаты мен 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары алдында дайындық жүргізу.

Спартакиада бағдарламасындағы күрес (грек-рим, еркін және әйелдер күресінен) түрлерінен өтетін додалы жарысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаладан келген 400-ден астам спортшы өз мықтылықтарын дәлелдейтін болады.

Последнее изменение Пятница, 08 Февраль 2019 04:26