Версия для печати

Шымкент-Ташкент: велосипедпен 130 шақырым

Среда, 03 Апрель 2019 04:17 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3762 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кешегі демалыс күні Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орайластырылған халықаралық велошеру өтті. 200-ден астам адам Шымкент пен Ташкент қалаларының арасындағы 130 шақырым жолды жүріп өтті.

006

Шерудің ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин және велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Баталов құттықтау сөз сөйлеп, велошеруге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шеруге Алматыдан келген спортшылар мен «Шекарасыз спорт» инклюзивті спортшылар командасы да қатысты. Оларды Ташкенттегі ҚР Елшілігінің алдынан еліміздің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды қарсы алды.

Айта кетейік, биыл екінші рет өткізіліп, дәстүрге айналған халықаралық велошеру Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы мәңгі достықты нығайтуға арналып отыр. 2018 жылы велошеруге қатысушылар Ташкенттен Шымкентке дейін жүріп келген болатын.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.