Ділдәбеков атындағы дүркіреген турнир

Среда, 15 Май 2019 04:47 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1193 раз

Шымкентте Сидней Олимпиадасының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан жастар арасындағы VIII халықаралық турнир өтті.

Ділдәбеков турнирі

Бір аптаға жалғасқан жарысқа Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның жастар құрама командалары қатысты. Турнирде жалпы 80-нен астам боксшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Жеңіс күні мерекесімен тұспа-тұс келген шешуші бәсекеде нағыз мықтылар жеңіс тұғырына көтерілді. Шетелдік командалардың жетекшілеріне қазақтың дәстүріне сай шапан жауып, құрмет көрсетілді. Жеңімпаздарды елге танымал спорт майталмандары марапаттады.

Айта кетерлігі, турнир жеңімпаздары енді қарашада Моңғолияда өтетін Азия біріншілігінде ел намысын қорғайды.