Алғаш рет Азия Кубогы – Шымкент төрінде

Пятница, 24 Май 2019 04:21 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1078 раз

Үшінші мегаполисте 25-26 мамыр күндері алғаш рет «Shymkent ASTC Triathlon» Азия Кубогі өтеді.

WhatsApp Image 2019-05-23 at 13.10.56

Сайысты құрамында 35 ел бар Азия Триатлон Конфедерациясы ұйымдастырып отыр. Бұл туралы жарыстың бас төрешісі Сергей Кобзев баспасөз жиынында мәлімдеді.

Триатлон спорты мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында өтетін Азия Кубогын ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстан Триатлон Федерациясы ұйымдастырып, Шымкент қаласының әкімдігі және «Шымкент» ӘКК АҚ қолдау көрсетіп отыр.

Сайысқа Қазақстан, Өзбекстан, Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, Франция, АҚШ пен Оңтүстік Кореядан жалпы 34 ер, 11 әйел атлет қатысады. Сары құрлық бәсекесі Жайлаукөл саябағында ұйымдастырылады.

Мұнда спортшыларға бар жағдай жасалған. Олар 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырым велосипедпен жүреді, тағы 10 шақырым жолды жүгіріп өтуі тиіс. Бұған қоса 26 мамыр күні әуесқойлар арасында ел чемпионаты да өтпек. Онда 77 атлет пен 2 команда бақ сынасады.

Марапаттау рәсімі отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Наурыз алаңында өтеді.