Сағындырған Спартакиада...

Среда, 19 Июнь 2019 06:12 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1323 раз

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орайластырылған дәстүрлі Спартакиада мәресіне жетті. Шымкент қаласының және Түркістан облысының БАҚ өкілдері достықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Қазақстан Журналистер Одағының Шымкент қаласы және Түркістан облыстық филиалдары бірге ұйымдастырған сайыс спорттың 9 түрінен өтті.Биылғы Спартакиаданың ерекшелігі - сайыс Түркістан қаласынан басталды.

DSC 5018

Жалпы 15 команда 3 күн бойы жекелей және командалық сында бақ сынасты. БАҚ өкілдері үш күн бойы волейбол, жүзу, шахмат, арқан тарту, жеңіл атлетика, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шағын футбол және бильярдтан бәсекеге түсті. Биыл Арыс, Түркістан қаласы, Созақ ауданының командалары да қатысып, белсенділік танытты.

Делебені қоздырған бәсеке Шымкент қаласындағы «Аламан» спорт кешенінде шағын футбол жарысымен аяқталды. Жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 1 күміс, 3 қола иеленген «Оңтүстік» телеарнасы үздік шықты. «Ернұр» корпорациясы екінші орын алса (4 алтын, 1 күміс, 1 қола), үздік үштікті Рейтинг-Собкор командасы (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) түйіндеді.

DSC 5243

Спартакиаданың жабылу салтанатында Қазақстан Журналистер Одағының Шымкент қаласы және Түркістан облыстық филиалдарының жетекшілері Айгүл Қапбарова мен Ғалымжан Елшібай, Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады. Бәсекеде бағы жанғандар дипломдармен, кубоктармен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Спорттың бірнеше түрінен сайысқа түскен әріптестеріміздің арасында «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің командасы да бар.

DSC 5448