Ардагерлер арасындағы сайыс

Пятница, 21 Июнь 2019 04:46 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 472 раз

Шымкенттегі «Ақарыс» стадионында Қазақстан полициясының 27 жылдығына арналған ардагерлер арасында шағын футболдан және шахматтан спорттық жарыс өтті.

65292102 335615564036970 2078148736810221568 o

Салауатты өмір салтын ұстану, уақытты ұтымды пайдалану, ұйымшылдық пен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында жарысқа 6 команда қатысты. Бұл күні спорт кешеніндегі теңбіл допқа құмар ойыншылар арасында өте тартысты ойын болды. Сонымен қатар олардың бойындағы спортқа деген құмарлық, жеңіске деген талпыныс және спортшылар жүзіндегі достық көңіл-күй қуантты.

Жарыстың нәтижесінде шағын футболдан 1-орынды Әл-Фараби аудандық ардагерлер құрамасы, 2-орынды Шымкент қаласы Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ардагерлері иеленді. Сондай-ақ, үздік қақпашы болып Сапар Әлсейтов (Шымкент қаласы Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы), үздік шабуылшы - Алмас Дүтбаев (Абай ауданы), үздік қорғаушы болып Бабыржан Полатов (Әл-Фараби ауданы) атанды.

Шахмат жарысында 1-орынды Шымкент қаласы жедел басқарма ардагерлері, 2-орынды Шымкент қаласы Абай ауданының ардагерлері, 3-орынды Шымкент қаласы Еңбекші ауданының ардагерлері иеленді.