Тайландтың Паттайя қаласында өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар табысты өнер көрсетті.
Құрлық додасында спортшыларымыз Эльжана Таниева, Милана Парфилова және Әсел Шүкірбай ел намысын абыроймен қорғады.
Эльжана Таниева лентамен жаттығуда – алтын, шығыршық жаттығуында күміс медал жеңіп алды. Ал Милана Парфилова доппен жаттығуда алтын және шеңбер жаттығуында күміс жүлдені қоржынға салды.
Сонымен қатар, топтық жаттығуда Әсел Шүкірбай 1 күміс, 1 қола медальға ие болды. Жерлестеріміздің қоржынында жалпы 3 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлде бар.
Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орынға жайғасты.