ӨЗ САЯБАҒЫҢДА СПОРТПЕН АЙНАЛЫС Избранное

Пятница, 26 Август 2022 05:22 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3733 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness park kz» жобасы іске қосылды. Жас өрендердің уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында спорттың барлық түрі ұйымдастырылды.

2

 

«Fitness park kz» жобасы қала тұрғындарын түрлі спортпен шұғылдануға, үйретуге бағытталған. Сондай-ақ, барлық спорт түріне тегін қатысуға мүмкіндік бар. Бұл жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.
Спорт жобасы қаланың төрт саябағында өтеді. Олар – Металлург, Орталық, Жеңіс және Дендросаябақтары. Оқытуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.
Жоба жастардың денсаулығының мықты, жігерлі болуына септігін тигізбек. Қатысушылар жаттықтырушылармен бірге өткен тұрақты сабақтан кейін алғашқы нәтижелерді сезініп, спортпен айналысуын жалғастырады деп күтілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.