СПОРТ БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ Избранное

Пятница, 02 Сентябрь 2022 04:05 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1534 раз

Шымкенттіктерді спортқа тартуда ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр

Шымкент – салауатты өмірге бет түзеген шаһар. Жыл басынан бері қала спортшылары әлемдік сайыстарда олжа салып, шаһарда көптеген бұқаралық іс-шаралар және ҚР чемпионаттары, халықаралық турнирлер ұйымдастырылды. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев 2022 жылдың I-жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Басқарма басшысының мәліметінше, есепті кезеңде спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары жетістіктер, бұқаралық спортты дамыту бағытында ілкімді жұмыстар жүзеге асырылды.

53

 

ЖОСПАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ

Қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, спорт саласында негізгі 4 бағыт белгіленген. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын 2022 жылы 35,9 пайызға (396 336 адам) жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 36,2 пайызға (402 544 адам) орындалды.
Халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін биыл 51 пайызға (39 243 шаршы метр) жеткізу межеленген. Бүгінде жоспар 51,2 пайызға (39 513 шаршы метр) орындалды.
Сонымен қатар, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды (1861 адам), жастарды спортпен қамту (14-18 жас) нақты 45 940 адамды құрап, жоспар артығымен орындалды.

54


AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының спорт саласына қатысты 6 индикатор көрсеткіші бекітілген болатын. Бұл бағытта қалада бүгінгі таңда 91 спорттық секция ашылып, онда 3760 бала спортпен тұрақты шұғылдануда. Жоспар толық жүзеге асқан. 8 нысанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалған. Атап айтқанда, Жоғары спорт шеберлігі мектебі, Көркем гимнастика спорт кешені, №12, №1 спорт мектебінің спорт кешені, World class, Royal club, Қасиет, Мадейра спорт кешендерінде жаттығу өтіп жатыр.
Дене шынықтыру мен спорттың жалпы шұғылданушылар санынан ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесін 3,8 пайызға (15 060) жеткізу жоспарланған еді. Қазіргі уақытта нақты 15 322 адам ұлттық спортпен шұғылдануда, жоспар орындалды.

26 ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Шымкент қаласының спортшылары жыл басынан бері ҚР чемпионаттары мен кубоктары, әлем және Азия чемпионаты, ірі халықаралық бәсекелерде оң нәтижелерге қол жеткізді. Шаһарда жалпы 34 спорттық мекемеде (29 мемлекеттік меншіктегі және 5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі) 17 944 спортшы оқу-жаттығу жиындарымен қамтылған. 2022 жылдың 6 айында 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 148 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 232 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Қала спортшылары ҚР чемпионаттарында 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында 39 алтын, Әлем чемпионаттарында 28 алтын медальға ие болды. Дүниежүзілік гимназияда ойындарында 5 алтын, 3 күміс, 2 қола, ХХIV Сурдлимпиада ойындарында 1 күміс медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, қалада жыл басынан бері спортты дамытуда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, спорт түрлерінен 26 ҚР чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 10500-ге жуық спортшы мен жаттықтырушылар қатысты. Әр түрлі жас ерекшеліктері арасында 27 қала чемпионатына барлығы 1800 спортшы бақ сынады. Одан бөлек, қала тұрғындары, әр түрлі сала қызметкерлері арасында 24 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. Ал «Жастар лигасы» жобасына былтыр 140 мектеп қатысса, биыл 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қамтылды.

ҚОЛЖЕТІМДІ СПОРТ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

Қалада қолжетімді спортты дамыту, спорттық секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асты. Шымкентте 2021 жылдың II-жартыжылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Биыл жобаға мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 14 000 баланы қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда ата-аналардан 22 спорт түрі бойынша (186 спорттық секция) жалпы саны 21 286 өтінім түсіп, 14 230 баланың ата-аналарымен келісімшарт жасалды.

55


Осы жоба аясында 264 жаттықтырушы және 150-ге жуық басқа да қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 2023 жылы 18 000 баланы, 2024 жылы 20 000 баланы спорттық секциямен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қолжетімді спортты дамытудың бір тетігі – «Аула чемпионаты». Жалпы қолжетімді спорт аулалардан басталады. Биылғы «Балалар жылы» аясында қаладағы мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында төрт ауданда орналасқан спорт алаңшаларында әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда. Аталған спорттық іс-шарада 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол, футбол, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Қазіргі уақытта Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 48 спорт алаңшада аула чемпионаттары өткен. Оған 3600-ден астам бала қатысып, 120-ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. Спорттық іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты дамыту және насихаттауда мамыр айынан бастап Шымкент қаласында «Қолжетімді спорт» жобасын іске қосты. Аталған іс-шара қазір еліміздің 7 қаласында қолға алынған. Жоба қаладағы 4 саябақта (Орталық, Жеңіс, Металлургшілер және Абай саябақтары) іске асырылуда. Онда 12 жаттықтырушы спорттың 4 түрінен (скандинавиялық жүріс, үстел теннисі, каратэ, фитнес) қала тұрғындарымен жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
Жобаның артықшылықтары – спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік, жаттығу уақытының ыңғайлылығы және жас ерекшелігіне шектеудің болмауы. Сондай-ақ, оқытуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған Fitness park kz жобасы іске қосылды. Онда қала тұрғындарының уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына бейімдеу үшін спорттық жаттығулар өтеді. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.

СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті. Биыл бюджет есебінен қалада 3 және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Оған қосымша 38 спорт алаңшаның құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда «Металлург» стадионын реконструкциялау бойынша спортшылар үйінің құрылысы 100 пайызға аяқталды. Ал үлкен спорт залдың қаңқасы тұрғызылып, қабырғалары қалануда (20 %). Әкімшілік ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, ішкі әрлеу жұмыстары басталған. 1504 орынға арналған көрермендер трубинасының құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды.
Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша корпусының құрылысы бойынша жертөле қабырғасы 100 пайыз, үлкен спорт зал құрылысы қаңқасы көтеріліп, қабырғасы кірпішпен өрілуде. Инженерлік жүйелер құрылысы 70 пайыз, ішкі әрлеу жұмыстары 50 пайызға орындалып, аяқталуға таяды.
Сонымен бірге, қалалық №20 спорт мектебі ғимараты, үстел теннисіне арналған спорт нысанының және жаңа ипподромның құрылыстары кестеге сәйкес атқарылуда.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.