Пятница, 07 Октябрь 2016 07:09

Шәмші әндері шырқалды

Шәмші Қалдаяқовтың қай әнін алып қарасаңыз да, санаға тез жатталады, жүрек қылын шертеді. Үлкен де, кіші де қосыла шырқап кететіні содан болар. Шымкент көгінде кешелі бері ән падишасының әндері қалықтауда. Яғни, композитордың атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық əн фестивалі биыл Шымқалада жалғасын тапты.

 MG 8300Ашылу салтанатында облыстық мəдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.

– Аталмыш фестиваль биыл халықаралық деңгейде жетінші мәрте өткізіліп отыр. Жыл сайын Астана қаласында өтетін байқау Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігі мен Мəдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Шымкентте ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үш күн бойы Шəмші əндерімен сусындап, талантты жастардың өнеріне куə болады. Мәңгілік елдің идеясын ұстанған ұлы дала елінің нұрлы жолдағы мəдениеті мен өнері үстем болсын деп тілеймін. Байқауда шын таланттың бағы жанады деп сенемін, – деді ол.

Байқауға Қырғызстан, Қытай, Ресей мен еліміздің түкпір-түкпірінен 50 қатысушы бақ сынауға келген. Әрқайсысы өз өңірінің талантты ұл-қызы, жүзден жүйрік шыққандар. Олар екі кезең бойынша өнер бәсекесіне түсуде.

 MG 8257

Үш қыз, үш жігіттен құралған «Аманат» халық студиясы Омбы қаласынан келіпті. Топтың негізі 1996 жылы қаланған екен.

– Жиырма жылдан бері топтың құрамы бірнеше рет өзгергенмен, бағыты айныған жоқ. Көбіне халық əндерін шырқаймыз. Əрине, əр өңірдің сенімін арқалап келгеннен кейін барша қатысушының мақсаты – топ жару ғой. Біз де жеңіске жетсек дейміз. Əн падишасының «Кешікпей келем деп ең», «Ана туралы жыр» деген екі əні мен халық əні «Гүлдариға», «Бір үйдің баласындаймыз» деген əндерін орындамақпыз, – дейді топ əншісі Асылбек Əйтімов.

Ал Оңтүстіктің намысын үш үміткер қорғауда. Байқауға қатысушыларға Қазақстанның халық əртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Серік

 MG 8275

Еркімбеков, ҚР еңбек сіңірген əртісі, əнші Бағдат Сəмединова, Шәмші Қалдаяқов атындағы музыкалық қордың директоры, композитордың ұлы Əбілқасым Қалдаяқов баға береді.

Әйгілі композитордың 35 жыл отандасқан аяулы жары Жәмила Қалдаяқова әрбір әнді көзіне жас алып, тыңдады.
– Шәмшінің көп әндерінің алғашқы тыңдарманы болдым. Жастардың талабы, таланты сүйсіндірді. Есіме жолдасымның «Сыр сұлуы» әнін жазып, маған орындап берген сәті түсіп, көзіме жас келді. Алдымен өзі айтып, соңынан маған жаттатушы еді, – дейді Жәмила апа.

Байқау жеңімпаздарының есімі бүгін «Шəмші əлемі» гүлзарында өтетін салтанатты жабылу рәсімі мен гала-концертте белгілі болады. Бас жүлде иегерін 1 миллион теңге сыйақы күтіп тұр.

Опубликовано в Мәдениет

Шымкентте жас суретшілердің көрмесі өтті. Қылқалам өнеріне жаңадан қадам басқан жас дарындардың туындылары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

DSC 0598Бейнелеу өнері музейінде өткен шара өңірімізде жас суретшілердің шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Тәуелсіздік, Отан, туған жер тақырыптарындағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Ал туындылар тың тақырыптарды қамтыды. Тамашалаушыларға ой салып, эстетикалық сезім сыйлады. Сондай-ақ, көрме арқылы жас суретшілер тәжірибе алмасып, шығармашылықтарын шыңдауға мүмкіндік алды. Іріктелген еңбектер Астанада өтетін «Шабыт» халықаралық байқауына қатысады. Облыстық жас суретшілер шығармашылық бірлестігінің төрағасы Берік Бейісбековтің айтуынша, "Шабыт" байқауына қатысушыларға облыстық мәдениет басқармасы демеушілік жасайды.

Опубликовано в Қала
Среда, 21 Сентябрь 2016 04:53

Тоғжан топ жарған байқау

Құшақ-құшақ гүл, қолдарына шар ұстаған үлкен-кіші Опера және балет театрына қарай ағылды. Өйткені, театр сахнасында «Шымкенттің аруы» анықталмақ. Сұлулар сайысында қатаң іріктеуден өткен 16-23 жас аралығындағы 16 қыз бақ сынады. Олар таныстыру, ұлттық киім мен салтанатты кеш көйлегін киіп сән үлгісін көрсету, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты сұрақтарға мүдірмей жауап беру  сынды сынақтардан өтті.

 MG 3272

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, әнші Еркін Нұржанов бастаған әділқазыларға бойы мен ойы келіскен сан арудың ішінен жеңімпазды таңдау оңайға түскен жоқ. Шымқаланың қиғаш қас, күлім көз, оймақ ауыз, ең сымбатты аруы кім атанатынын көрермендер де асыға күтті. 

Сонымен 16 қыздың ішінен Тоғжан Кенжебек барлық талаптан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанды. Оған өткен жылы «Шымкент аруы» атанған Ақмөлдір Әбдурахим тәж кигізді. Бұдан бөлек 75 мың қаржылай сыйақы табысталды. Енді Тоғжан «Қазақстан аруы» сайысында облысымыздың намысын қорғайтын болады. 

 MG 3387

– Әрине, әр қыздың мақсаты сайыста топ жару ғой. Іштей өз-өзіме сенімді болғаныммен, аздап қобалжу болды. Маған қолдау көрсеткен ата-анама, құрбыларыма алғысымыз шексіз. Республикалық сында барымды салуға тырысамын, – дейді Тоғжан. 

Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінде білім алып жүрген Тоғжан бала кезінен би үйірмесіне қатысқан.

 MG 3241

Ал Айымжан Файзулла І-ші вице-мисс, Даяна Сәдуақасова ІІ-ші вице-миcс атанды.

Опубликовано в Мәдениет

Қыркүйектің 21-23 аралығына жоспарланған шараны облыстық мәдениет басқармасы мен «Оңтүстікфильм» КММ ұйымдастырып отыр. Байқауға 16-35 жас аралығындағы кәсіби кинорежиссерлер, операторлар мен аниматорлар қатысады. Бүгінге дейін қатысушы жастар 20 фильм ұсынған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алтын сақа» кинофестиваліне ұсынылатын шығармалар патриотты тақырыпта, ұлттық рухты көтеретін, дүниетанымды кеңейтетін, тәрбиелік мәні бар фильмдер болуы тиіс. Фильмдердің үздігін анықтайтын қазылар құрамында белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен киносыншы Райхан Дәрменқызы бар. Кинофестиваль жеңімпаздары 23 қыркүйекте анықталмақ.

Опубликовано в Мәдениет

termeҚазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шалқар термесі-2016» аймақтық байқауы өтті. Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өткен шараны облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Шараға Оңтүстік Қазақ-стан, Алматы және Жамбыл облыстарынан 16 үміткер қатысты. Қатысушылар мәдени мұрамызды дәріптеп, терме-толғауларды орындады. Олар көрермендер назарына қоғам қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Шалқар Әбішевтің термелерін ұсынды. Екінші кезеңде көпшілік Майлықожа, Шәкәрім, Ақтамбердінің термелерін тыңдап, сусындады. Байқауда жас ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік қасиеттер, отбасы құндылықтары, туған жерге сүйіспеншілік терменің басты тақырыбы болды.
Байқау қорытындысында ордабасылық Кеңес Әшірбаев бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынға қызылордалық термеші Нұрболат Темірбаев, ал екінші орынға Жамбылдың жүйрігі Ербосын Қасымбеков лайық деп танылды. Ал үшінші орынды Отырар ауданынан келген Руслан Ахымбеков және шымкенттік Ақжол Өсербай өзара бөлісті.

Опубликовано в Мәдениет
Пятница, 08 Июль 2016 06:05

Таланттарды танытқан байқау

Бейнелеу өнері мұражайында «Әлем – балалар көзімен» атты шығармашалық байқауы өтті. Облыстық Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шара Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Астана күніне арналды.

13615305 1064201853614988 5006658011314435690 n

Дарынды, өнерлі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау мақсатындағы байқауға аудан-қалалардан 50-ге жуық үміткер қатысты. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі 10 және 20 жас аралығындағы жастар да қамтылды.

Қатысушылар шығармашылық байқау көрмесіне келушілердің назарына өздерінің төл туындыларын ұсынды. Ал жастардың туындыларын қазылар алқасы сараптап, қорытындысын жасады. Үздік деп танылған түркістандық Сәулет Рахманберді 1 орынды жеңіп алды. 2-3 орындарды шымкенттік Жансерік Әмірқұл мен Ұлбосын Төлегенова бөлісті. Сондай-ақ байқауға атсалысқан жастар бағалы, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, 10 жасөспірім Астана қаласына саяхат жасауға жолдама алды.

Опубликовано в Әлеумет

Абай саябағында «Шырайлы Шымкент» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен фотосуреттер байқауы 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында ұйымдастырылған болатын. Оған кәсіби және әуесқой фотографтар қатысып, бақ сынады.

Алдымен қала тұрғындары мен қонақтары фотографтардың көрмесін тамашалады. Заманауи қаланың әсем көріністері келушілерге жылы әсер қалдырды. Бүгінге дейін кәсіби және әуесқой фотографтардан Қала ерекшелігі», «Заманауи Шымкент», «Тарихи Шымкент», «Қала тұлғалар көзімен» және «Шымкент табиғаты» номинациясы бойынша 1800-ден астам жоба келіп түскен.
Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, үздіктерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Байқау мақсаты – Оңтүстік өңірі мен Шымкент қаласының тарихи және мәдени мұрасына, өлкенің әсемдігіне қоғамның, тұрғындардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ туристік орталық ретінде беделін қалыптастыруды көздейді.
«Қала ерекшелігі» және «Шымкент табиғаты» номинациясы бойынша белгілі фотограф Мақсат Шағырбаев жеңімпаз атанды.

Опубликовано в Мәдениет

Елімізде «Бала дауысы» кәсіби ән байқауы басталды. Әлия Назарбаева жетекшілік ететін «Жандану әлемі» қоры мен жоба мамандары бастамасымен қолға алынған бұл байқауға 7-13 жас аралығындағы кез келген өнерлі бала қатысып, бақ сынай алады. Талантты балаларды іздеу үшін жобаның ұйымдастырушылары Шымкентке келді.

 MG 1333

– 23 мамыр мен 10 тамыз аралығында белгілі музыкалық продюсерлерден, композиторлар мен танымал орындаушылардан тұратын «Жандану әлемі» қорының шығармашылық ұжымы іріктеу өткізу үшін барлық облыс орталықтарына, сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларына барамыз. Біздің басты мақсатымыз жоба аясында жаңадан балалар әндерін жарыққа шығару, оларды кеңінен тарату, балалардың музыкалық шығармашылдығын дамыту, – дейді «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы Мұрат Исаханов.
Сонымен «Оңтүстік циркке» өз өнерлерін көрсету үшін 200-ден астам бала жиналды. Белгілі әнші Маржан Арапбаева бастаған әділқазы алқасы екі күн бойы олардың өнерлерін тамашалап, үздіктерді іріктеді.
– Шыны керек, кішкентай кезімде балалар ән байқауына қатысып көрмеппін. Ал «Бала дауысына» қатысушылар арасында өнерлі, талантты балалар өте көп. Олардың ішінен оқ бойы озық шыққанын таңдау қиын соғар түрі бар. Біз жеңімпаз баланы дауыс ырғағына, сахнада өзін-өзі ұстауына, әртістік шеберлігіне қарай таңдаймыз, – дейді Маржан Арапбаева.
Алдымен 30, кейін 10, олардың ішінен суырылып алға шыққан 3 баланың ішінен жеңімпазды таңдау әділқазыларға оңайға соқпады. Әр балаға жеке-жеке, сосын хормен ән айтқызып, түрлі сынақтардан өткізді. Сосын үшеуін де бірдей республикалық кезеңге жолдама беруге шешім қабылдады. Олар – Шымкенттегі Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның оқушылары Диас Жорабек, Садраддин Болат, Мағжан Абдухамид.
Балалар мен ата-аналарының, ұстаздарының қуанышында шек жоқ.
– Мен былтыр «Бала Түрквижн» ән байқауына қатысып, іріктеу кезеңінен өте алмадым. Сосын іштей өз-өзіме келесі жылы қалайда жеңімпаз боламын деп уәде бердім. Музыкалық жетекшіммен бірге ән таңдап, бірге дайындалдық. Қобалжығаныммен, үздік үштікке кіргенімде қатты қуандым. Ал біздің арамыздан жеңімпазды анықтау үшін әділқазылар ұзақ ойланды. Сосын сендерді бөлмей-ақ қояйық, «13-ші трио» болып ән салыңдар деп сәттілік тіледі. Біз енді жаз бойы бос жүрмей, байқауға ұстазымызбен бірге дайындаламыз дейді, – 6 сыныпты аяқтаған Мағжан Абдухамид.
Оңтүстіктің намысын қорғау үшін олар 15-30 тамыз аралығында өзге облыстан озып шыққан балалармен бірге Алматыдағы «Бөбек» Ұлттық орталығында «Бала дауысы» Жазғы музыка мектебінде сольфеджио, хореография, әртістік шеберлік сияқты бағыттар бойынша тәлім алады. Содан кейін Астанада «Бала дауысы» І Ұлттық балалар ән байқауының финалында бақ сынап, танымал орындаушылармен бірге ән орындайды. Айта кетейік, «Бала дауысы» байқауының жеңімпазын қазылар алқасы мен көпшілік таңдайды.

Опубликовано в Мәдениет

Өнегелі отбасы – елдің тірегі, өзгеге үлгі. 2013 жылы отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын. Күні кеше Шымкентте дәстүрлі «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының бірінші кезең жеңімпаздары белгілі болды. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған байқауға барлығы 23 отбасы қатысып, бақ сынауға ниет білдіріпті. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әбдірахман Шалқарбеков пен Шаймерден Есенкелдиевтердің отбасылары жеңімпаз атанды.

DSC 0065

«Оқушылар сарайында» өткен салтанатты марапаттау шарасына қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков
пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Ырысбаев қатысып, қала әкімінің құттықтауын жеткізді.

Жеңімпаз атанған жарасымды жанұяның бірі Әбдірахман Шалқарбеков жұбайы Ұлбосын екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, олардан 16 немере сүйіп отыр. Әбдірахман аға облыстық қаржы бақылау комитетінде ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнеткерлікке шықса, Ұлбосын апай бала тәрбиесімен айналысып, балабақша меңгерушісі қызметін атқарған. ҚР «Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанған. Бір шаңырақ астында жарты ғасырға жуық уақыт тату-тәтті ғұмыр кешкен Шалқарбековтердің ұл-қыздары өз орындарын тауып, немерелері өнер, спорт салаларында республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанып, ел намысын қорғап жүр. Ал Жанар мен Шаймерден Есенгелдиевтер 7 ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Үлгілі әке ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ИЧ-167/9 мекемесінің бастығы қызметін атқарып жүр. Еңбегі бағаланып, бірнеше орден-медальдарды кеудесіне таққан.

DSC 0084

Жұбайы Жанар болса, қалалық №6 емхананың бірінші дәрежелі терапевт дәрігері. «Күміс алқа» иегері. Бұл отбасының да ұл-қыздары талай додада топ жарған.
Марапаттау кешінде олар өз өнерлерін көрсетуден аянып қалған жоқ. Әуелете ән салды, мың бұрала биледі, көркемсөзді нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Енді екі отбасы облыстық байқауда бақ сынайтын болады.

Опубликовано в Мәдениет
Страница 3 из 3