Среда, 22 Июнь 2016 09:45

Оңтүстiк боксшылары озды

Шымкент төрінде керілген шаршы алаң еліміздің үздік жас боксшыларын анықтады. Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Тәуелсіздік тойындағы ел чемпионаты 180-нен аса балғын спортшының басын қосты.

IMGL1590

Шымкенттік боксшылар өз шаршы алаңында аянып қалған жоқ. 56 келіде Ерғазы Қуанышбек, 60 келіде Олжас Жарылқасын жеңімпаз атанды. Нартай Ибадулла (49 келі) мен Нұрсұлтан Бекболат (69 келі) күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені қоржынға салғандар – Еламан Әбдәлі (69 келі), Нұржан Нұрабаев (81 келі) және Ардақ Әлімхан (+ 91 келі).

IMGL138927

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбырайымов, әлем чемпионы Біржан Жақыпов қатысып, құттықтау тілегін арнады. Чемпионаттың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен қатар, қала әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Опубликовано в Спорт