Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. ҚР Президенті тарапынан елімізде алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл бастаманың бас үйлестірушісі – ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

 

Осыған орай 1 қыркүйектен бастап жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалу мақсатында онлайн платформа арқылы өтінімдерін жолдай бастады.

 

 

kadr 2

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары Арбат демалыс аймағында «Президенттік жастар кадр резервіне» үміткер азаматтарға толық ақпарат ұсына отырып, құжаттарды онлайн платформаға енгізу бойынша көрнекі кеңес берді.

 

 

kadr 3

 

 

Іріктеу барынша ашық өтеді, оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

 

Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өтуі қажет:

* Кандидаттардың теориялық білім­дерін тестілеу;

* Көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқа­ра­сын, үміткерлердің уәждемесі мен құн­дылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);

*ҚР Президенті Әкімшілігінің Сарап­шылық комиссиясында әңгімелесу;

* ҚР Прези­ден­ті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

 

Департамент басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы болашақ басшы жастармен кездесіп, олардың еліміздің дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші саналатындарын айтып, пікір алысты.

Несиені жабу туралы қайдан білуге болады

Понедельник, 09 Сентябрь 2019 05:54

Қазіргі таңда ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Дегенмен, халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда.

 

call

 

ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:

✅ enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;
✅ «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдау;
✅ өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу.

НЕМЕСЕ:
✅ 111 біріңғай нөмеріне хабарласу.

ТАҒЫ ДА:
✅ egov.kz электронды порталында көруге болады.

ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:
✅ ХҚО-ға барыңыз.

Егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек.

 

Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Несиені жабу туралы қайдан білуге болады

Понедельник, 09 Сентябрь 2019 05:54

НЕСИЕНІ ЖАБУ

Қазіргі таңда ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Дегенмен, халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда.

 

ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:

✅ enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;
✅ «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдау;
✅ өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу.

НЕМЕСЕ:
✅ 111 біріңғай нөмеріне хабарласу.

ТАҒЫ ДА:
✅ egov.kz электронды порталында көруге болады.

ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:
✅ ХҚО-ға барыңыз.

Егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек.

 

Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

30 КІТАП МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ АУДАРЫЛАДЫ

Пятница, 06 Сентябрь 2019 04:48

Елімізде жыл соңына дейін қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы 30 кітап мемлекеттік тілге аударылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарық көрген жоба барысында осыған дейін әлемнің үздік деген 48 оқулығы қазақ тіліне тәржімаланды. Қазірде бұл кітаптар 10 мың данамен басылып, еліміздегі 130 оқу орнына тегін таратылған. Ұлттық аударма бюросы қалған 22 кітапты келесі жылы толық аударамыз деп отыр.

Үздік оқулықтар ел студенттеріне дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік бермек. Аудармашылар «келер жылы 100 кітап толығымен қазақша сөйлейді», - деп отыр. Кең көлемді аударма қазақ тілін халықаралық ғылыми лексикамен байыта түсуге мүмкіндік бермек.

- Барлығын бірге қосқанда аудармашы, ғылыми, әдеби редактор, баспагер, дизайнерлермен 300-дей адам жұмыс істеп жатыр. Мұның сыртында әр оқулықтың мазмұнының негізінде видео лекциялар жасалып жатыр. Соның негізінде Қазақстанның ашық университеті деген жоба іске қосылып жатыр, - дейді «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

Ал бұл оқулықтардың электронды нұсқасы ашық университет сайтында орналастырылған. Сонымен қатар, Ұлттық аударма бюросы жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап қазақ және орыс тілдеріндегі видеолекциялар курсын дайындап жатыр. Олар интернет арқылы еркін қолданысқа беріледі.

СЕНАТТЫҢ ЖАҢА ВЕБ-САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Пятница, 06 Сентябрь 2019 04:46

2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңа веб-сайты іске қосылды. Веб-сайтқа http://senate.parlam.kz/ сілтемесі арқылы кіру керек.

Жаңартылған ресми сайт арқылы сенаторлармен байланыс жасау мүмкіндігі кеңейді. Сенат депутаттарының жеке парақшаларында өтініш не қызықтыратын сұрақтарды қалдыруға болады. Заң жобасын ұсыну айдарында кез келген азамат тұрақты комитеттердің қарауына заңдарды ұсына алады.

Сондай-ақ, порталда маңызды құжаттар, заң жобалары, стеннограммалар толығымен жарияланды. Депутаттық сауалдар мен палатаның ұсыныстарын бөлек айдардан көрудің де мүмкіндігі бар.
Сенаттың пленарлық отырыстары, комитет жиындары мен басқа да іс-шаралары тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Сайт арқылы Сенаттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына да өтуге болады.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Бұхарбай Парманов тағайындалды.

пармановв

Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолын 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болып бастаған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті қызметінен бастаған.

1987-2018 жылдар аралығында Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, салық және қаржы полициясы органында және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Сарыағаш, Төлеби аудандарының әкімі лауазымын атқарған.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі қызметін атқарып келген.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өтіп жатқан Азия елдері жазушыларының форумына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысы халқымыздың рухани мұраларын сақтап, ұлттық тарихын зерттеуге, мәдениетін жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән беретінін айтты. Сондай-ақ, бүгінде қазақ әдебиеті әлем әдебиетінің даму көшіне қосылғанын атап өтті.

Akorda-8

– Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды. Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы дүние жүзі жұртшылығы ұлттық руханиятымызды танып білуде. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни екі жарым миллиард оқырманға тарайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Азия – ұлы өркениеттердің дүниеге келуіне, өркен жаюына, қалыптасуына куә болған көне құрлық. Араб, парсы, қытай, үнді өркениеттері – адамзат тарихының ажырамас бөлігі.

– Қазір Ұлы Жібек Жолының экономикалық мән-маңызы ғана көбірек айтылады. Шын мәнінде, оның тұтас өркениеттерді тоғыстыратын күшке ие болғаны ескеріле бермейді. Бүгінде Азияның озық экономикасымен бірге әдебиеті, өнері, білім жүйесі де алдыңғы қатарға шықты. Азия халықтарының сөз өнері бай, тамыры тереңде, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Азия әдебиетін одан әрі дамыту үшін бірқатар маңызды мәселелерге қаламгерлердің назарын аудартып, арнайы сыйлық тағайындау туралы ұсыныс білдірді.

– Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды.

Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құру туралы ұсыныс айтты.

Айта кетейік, Азия қаламгерлерінің І форумында әлемнің 300 ақын-жазушысы бас қосты. Олардың арасында Азияның 38 елінен келген Нобель сыйлығының номинанттары, халықаралық Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, өңірлік және ұлттық сыйлықтардың иегерлері бар.

 WhatsApp Image 2019-09-05 at 10.34.09 1

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде (бұдан әрі – Департамент) қалахалқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау мақсатында жүзеге асырылатын инфекциялық аурулардың иммундық-профилактикасы және вакцинациялау саласында жүргізіп отырған жұмысы туралы хабарлады.

Іс-шараға Департамент басшысы Әбдіманап Төлебаев, Департамент басшысының орынбасары Алмат Қосалиев қатысты.

Әбдіманап Төлебаев баяндамасының барысында Қазақстан Республикасында инфекциялық ауруларға қарсы күрес бойынша бағдарлама иммундық-профилактика арқылы іске асырылатынын атап айтты.

«Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді болып танылған. Қазақстан Республикасында 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Шымкент қаласында 17 жұқпалы ауруға қарсы (табиғи ошақтың болмауына байланысты кене энцефалиті мен туляремия қарсы жүргізілмейді) вакциналау жүргізіледі.

Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сапалы вакциналар сатып алынады», – деді Департамент басшысы.

Шымкент қаласында жыл сайын туберкулезге қарсы 35500 астам жаңа туған нәресте және 16600 астам 6-7 жастағы балалар вакцинацияланады.

Өткен кезеңде республикада 700 мыңнан астам бала, оның ішінде біздің қаламызда 75793 бала егілді, осылардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ.

Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездың ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Шымкент қаласы бойынша туберкулезбен ауру-сырқаулық соңғы 16 жыл ішінде 3,8 есе (100 мың тұрғынға 2002 жылғы 143,8 бастап, 2018 жылғы 37,3 дейін),өлім-жітім 19,9 есеге (100 мың тұрғынға 2002 жылғы 25,9 бастап, 2018 жылғы 1,3 дейін) төмендеді.

Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.

Бірақ, «Japan BCG Laboratory» (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтата тұрылды.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастыруда.

«Балалар жасы инфекциялық аурулар үшін ең осал болып саналады. Бұл жеткіліксіз жетілуіне және ағзаның жалпы төзімділігінің төмендеуіне байланысты. Вакцинация ағзада арнайы антиденелердің түзілуі мақсатында жүргізіледі, осылайша көкжөтел, сіреспе, дифтерия, туберкулез, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сияқты ауруларға ағзаның қорғаныш қызметін (иммунитет) күшейтеді», - деп атап өтті Забира Есенгараева.

         Сондай-ақ, баспасөз-конференциясы барысында Департамент басшысы қаладағы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы журналисттерді хабардар етті.

Забира Есенгараеваның айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды Департамент тұрақты бақылауға алып отыр. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, Шымкент қаласында 2675 қарым-қатынастағы адам егілді.

Қызылшамен сырқаттанушылық 1 жасқа толмаған егілмеген балалардың арасында көп тіркелетінін ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. Шымкент қаласында 11705 бала егілді. Бұдан басқа, 3624 медицина қызметкері егілді, - деп хабарлады Забира Есенгараева.

Қабылданып отырған шаралар сырқаттанушылықтың динамикасын төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, шілдеде қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда Шымкентте 3,9 есеге (388 жағдайдан 98 жағдайға дейін) төмендеді.

Ересек тұрғындардың арасында неғұрлым жоғары сырқаттанушылық 20-29 жас аралығындағы жас ерекшелік тобының арасында тіркеледі. Осыған байланысты, 2019 жылғы қыркүйекте осы жастағы жастардың арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау кампаниясы басталады.

Профилактикалық егулерден бас тартқан жағдайда, ата-аналар баласын инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екендігін есте сақтауы қажет.

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті балаңыздың инфекциялық ауруларға қарсы вакцинасы болуын тексеруге және вакцинация болмаған жағдайда профилактикалық егулер алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге ұсыным береді.

Шымкент қаласы ТКҚСҚБД

Баспасөз қызметі

Тел.: 8(7252) 30-03-04, +7 702-679-71-44

Страница 2 из 332