ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

29.08.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 №34

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Жумабек Анашович Ержанов, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №49-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №50-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

2.1. адамдардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруін шектелсін;

2.3. қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталсын;

2.4. үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;

2.5. жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;

2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:

3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

3.3 ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жүргізуді, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.5. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік базарлардың, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары) жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін;

3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 30 орынға арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар, кулинариялар) жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін;

3.8. құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, өзіне қызмет көрсететін автожуу орындарының жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар, қосымша қызметтерді (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсету ұйымдастырылсын;

3.12. ойын-сауық, спорттық, жаттығу және бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды адамдардың көп жиналу орындарында, сонымен қатар үйлерде өткізуге тыйым салынсын;

3.13. спорт оқу-жаттығу Ұлттық құрамадағы, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын,қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және 5 адамнан аспайтын топтық жеке және топтық жаттығуларды өткізуге рұқсат етілсін;

3.14. балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың (жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын) жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.15. кезекші топтарын (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылсын;

3.16. жеткізу және шығару режимінде, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері 30-дан астам отыратын орны бар ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын;

3.17. аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын;

3.18. спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорттық құрылымдардың, спорттық үйірмелердің) 5 шаршы метр бір келушіге, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;   

 3.19. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.20. қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.21. саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілсін;

3.22. жабық аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ал ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.23. көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салынсын;

3.24. мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беруді (жеке және топтық 30 адамнан аспайтын репетицияларға қатысушылар) 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.25. ҚР БМСДҚ №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі жұмыс күндері қалыпты жағдайда ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.26. дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысы 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын;

3.27. авто жуу нысандардың жұмысы уақыты шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын;

3.28. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерінің жұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.29. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын;

3.30. Шымкент қаласындағы автовокзалдардың, автостанциялардың жұмысын ұйымдастыру, қалааралық облысішілік автобус, шағын автобус жүруі қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

3.31. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етілсін;

3.32. қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес ұйымдастырылсын;

3.33. гүл сататын нысандардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 06:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.34. контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектеп алды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеу қалыпты режимде ұйыдастырылысын;

3.35. бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебімен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметі 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;

3.36. ҚР БМСДҚ №50-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

3.37. ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты жағдайда ұйымдастырылсын;

3.38. осы қаулыда көрсетілмеген объектілердің жұмыс уақыты шектеліп, 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын.

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік нысанына қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:

4.1. жұмыс күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын;

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеумен қамтуды қамтамасыз етуді және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізу қамтамасыз етілсін;

4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабтарының, көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығаруды және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалау, дезинфекциялау, жуу қамтамасыз етілсін;

4.5. инфекциялық және провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шаралары қамтамасыз етілсін.

5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етуді;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, ғимараттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалау қамтамасыз етілсін;

5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;

5.5. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу қамтамасыз етілсін.

6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз етілсін;

6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаментіне, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасына, кәсіпкерлік субъектілерімен және жеке тұлғаларымен қамтамасыз етілсін:

7.1. «InfoKazakhstan.kz» сайынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісінің негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көрнекті жерге орналастыруды;

7.3. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайтты пайдалануды;

7.5. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастыруды;

7.6. «InfoKazakhstan.kz» сайтындғы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектілерді енгізуі (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға және № 43 ҚР БМСДҚ, № 47 ҚР БМСДҚ, № 50 ҚР БМСДҚ қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7. объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған Актіні «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде беруді;

7.8. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

8. Күші жойылды деп танылсын:

8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы №32 қаулысы;

8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.08.2020 жылғы №33 қаулысы.

9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

12. Осы қаулы 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

орынбасары

Ж.Ержанов

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

19.08.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 №33

                                                                      

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы №32 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармағы 3.9. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын «медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруды»;

2) 3 тармағы келесі тармақшамен толықтырылсын: «3.34. гүл сататын нысандардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын».

2. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволармен ұйымдардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының 

Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

 

1

Шымкент қаласындағы №103 орта мектепте бірнеше спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай келетін волейбол, футбол алаңдары жазғы ойындар үшін өте ыңғайлы. Спорт алаңшаларын салуға мектеп ұжымы қалалық білім басқармасы тарапынан бөлінген қаржыны тиімді пайдалану арқылы жол тапқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне басымдық беру керек» деген болатын. №103 мектеп ұжымы Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен. Соданда болса керек, денешынықтыру сабағының талапқа сай өтуіне барынша көңіл бөлініп отыр. Спорт алаңшаларының құрылысын жүргізген «Ферротекс» ЖШС-ның мамандары жұмыстың сапасына мән бергені қуантады. Мектеп ауласындағы спорт кешеніне ендігі жерде төңіректегі ауыл балалары кез-келген уақытта келіп спортпен айналысуына мүмкіндік туып отыр. Бұл үлкен жетістік. Өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруына мұрындық болған мектеп басшылығына ата-аналар мен оқушылар дән риза.
Айта кету керек бұл мектепте 1864 оқушы бар. Оның 135-і мектеп алды даярлық бөлімінде оқиды. Бүгінгі таңда қоғамда қалыптасып отырған жағдайға байланысты оқушылар сабақты онлайн оқуда. Қашықтан оқытуға байланысты әрбір баланың компьютермен, ноутбугпен қамтылуына аса мән берген мектеп басшылығы, керек құралы жоқ оқушыларды қолдауға дер кезінде әрекет ете білді. Соданда болар, мектеп ұжымының ұйытқы болуымен бүгінде көпбалалы 120 отбасыға арнайы компьютер, ноутбук берілді. Бұдан бөлек, 135 отбасы балаларына Sim карталары таратылды.
–Білімнің сапасын арттыру үшін алдымен баланың сабақ оқуына жағдай туғызған абзал. Бұл орайда мұғалімдеріміз әр оқушының жағдайын жіті зерттеп, қажеттіліктердің тізімін жасап, оқушыларымыздың қашықтан оқу жүйесінен тыс қалмауына жағдай туғызып отыр. Ұсынысымызды қабыл алған қалалық білім басқармасына айтар алғысымыз көп. Басқарма тарапынан бізге тағы 100 компьютер берілді. Биыл мектебімізге арнайы кабель жүргізіліп, жоғары жылдамдықтағы интернет желісі тартылып отыр. Ендігі кезекте мұғалімдеріміз өз біліктіліктерін шыңдай түсіп, оқушыларымызға сапалы білім нәрін беруіне барлық жағдай жасалды деуге негіз бар, - дейді №103 мектептің директоры Балжан Құртаева.
Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқу-әдістемелік құралдарын әр сабақта қолдануға тырысатын ұжымдағы ұлағатты ұстаздар аз емес. Солардың бірқатары, мысалы бастауыш сынып мұғалімі Клара Бектаеваның оқушысы Ләйла Әбдірашты бұл күндері республика жұртшылығы жақсы таниды. Өнерімен өрге жүзген жас талант оқушы мектеп мақтанышы. Ұлбосын Тәжібаева, Ақерке Тұңғышбаева, Эльмира Шынтаева, Әселхан Қамшыбекова, Назгүл Сопыбекова, Ляззат Досанова, Дана Қанаева сынды ұстаздарды ата-аналар үнемі үлгі етіп жүргені.
Ынтымағы жарасқан ұжымның алар асуы биік. Бүгінгі оқушы ертең елімізді өркениетке бастайтын білікті маман. Осындай парасатты азаматтарға білім нәрін беріп отырған №103 мектеп сынды білім ордалары көбей бергені абзал.

 

Ж.ШАЛАБАЕВА

120026474 2637006866612263 3119472098652695233 n

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді.

Айта кетерлігі, мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды. Халықтың осы санатын жалпыұлттық міндеттерге жұмылдыруда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады.
Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубтары жұмыс істейді.
Кездесуде этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жөніндегі шаралар талқыланды. Талқылау барысында Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан: «Елімізде тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқанда ғана, болашаққа үмітпен қарауға, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар.
Біз кез келген қиындықтар мен кедергілерді тек бірге бірлікте, татулықта, өзара сыйластықта ғана еңсере аламыз», - деді.
Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдардың этносаралық қатынастар саласындағы жұмысын жаңғырту мәселелері де қарастырылды.
Кездесу қорытындысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан олардың этносаралық саладағы қызметін одан әрі жетілдіру, азаматтық қоғамды, этномәдени бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бірлескен жұмысқа белсенді тарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

d29f2a23-61e2-418b-8ab1-719da1b0088d

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Шаһар басшысы, алдымен, А-2 айналма жолындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс 2018 жылдың қазан айында басталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 916.3 миллион теңге. Соның 1 миллиард 167 миллионы биылғы жылы бөлінген.
Көпір қараша айында пайдалануға беріледі. Кеңейіп, жаңарған көпірдің ұзындығы — 144 метр, ені — 28,2 метрді құрайтын болады.
—Шымкенттегі магистралды жолдар тәулігіне 20-35 мың автокөлік өткізе алады. Ал, бүгінде нақты көрсеткіш 50-70 мың автокөлік немесе екі есе көп. Сондықтан біз жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Қазір Шымкентте 24 магистралды көшеде орта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бадам өзенінің үстінен өтетін мына көпір де маңызды нысандардың бірі. Тиісті басқарма мен басқа да жауапты органдар жұмыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын қадағалауы тиіс, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Мұнан кейін қала әкімі Ю.Гагарин, А.Асқаров көшелерінің орта жөндеу жұмыстарын көрді.
Ю.Гагарин көшесінің Абай даңғылынан Эрмат ата көшесіне дейінгі 4.7 шақырымдық бөлігін орта жөндеуден өткізуге бюджеттен 335 миллион теңге бөлінген. Ал, А.Асқаров көшесінің Республика даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігіне 303 миллионнан астам қаржы қаралған.

 

 

45

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған екен.

Жас технолог өз жұмысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстырды.
– Озон генераторының құны 150 000 теңгені құрайды. Бұл санитарлық дезинфекция қызметін пайдаланудан шамамен бір жылға есептегенде 25 есе арзан. Яғни технологияны пайдаланудың құны төмен және дезинфекциялық жабдықты бірнеше рет пайдалана беруге болады. Оңай жөнделеді, қол жетімді әрі тиімді, - дейді Азамат Қонысбай.
Озон генераторының басты жаңалығы - дезинфекциялаудың ескі тиімсіз әдістерін алмастыруда болып тұр. Бұл генератор қашықтан адамның араласуынсыз автоматты режимде пайдаланатын құрал ретінде жұмыс жасайды.
Аталған технологиямен медицина қызметкерлерінің арнайы киімдерін және адамдардың көп шоғырланатын орындарын залалыздандыруға да болады.
Азамат Қонысбай ендігі кезекте технологияны қолданысқа ендіріп, патенттеуді қолға алып отыр.

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

18.09.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

№38

 

                                                                        

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріТулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ 47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48- БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 - БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ 49-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 - БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №50-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйегіндегі №53 - БМСД қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №53-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №36 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1) 3 тармақтың 3.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

2) 3 тармақтың 3.5. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметін тоқтатып, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен азық-түлік базарларымен азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары) қызметі сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін»;

3) 3 тармағы 3.7. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар, кулинариялар) жұмысы жұмыс күндері, демалыс күндері және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін»;

4) 3 тармағы 3.8. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.8. ауыл-шаруашылық, далалық жұмыстар, құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, мал және құс шаруашылықтар жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын»;

5) 3 тармақтың 3.13. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.13. спорт жаттығу Ұлттық құрамадағы, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын,қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және 5 адамнан аспайтын топтық, жеке және топтық жаттығуларды, ашық аспанда көрермендерсіз спорттық ойындарды өткізуге рұқсат етілсін»;

6) 3 тармағы 3.14. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.14. балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

7) 3 тармағы 3.16. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.16. жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, 50-дан астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын»;

8) 3 тармағы 3.18. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.18. спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының және жабық спорттық құрылымдардың) бір келушіге 5 шаршы метірге дейін, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс күндері,  демалыс және мереке күндері жұмыстары ұйымдастырылсын»;

9) 3 тармағы 3.19. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.19. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын»;

10) 3 тармағы 3.20. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.20. қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын»;

11) 3 тармағы 3.22. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.22. аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

12) 3 тармағы 3.24. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.24. мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелумен, бет перде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысын қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

13) 3 тармағы 3.25. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.25. ҚР БМСДҚ №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

 14) 3 тармағы 3.27. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.27. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерінің жұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер) жұмысы ҚР еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын»;

15) 3 тармағы 3.28. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.28. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын.

Ашық кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

16) 3 тармағы 3.29. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.29. өңіраралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тиым салынсын»;

17) 3 тармағы 3.32. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.32. гүл сататын нысандардың қызметі қалыпты режимде рұқсат етілсін»;

18) 3 тармағы 3.34. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.34. бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебімен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметі 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысын ұйымдастырылсын»;

19) 3 тармағы 3.37. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.37. осы қаулыда көрсетілмеген нысандарының жұмыс уақыты шектеліп, 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын»;

20) 4 тармағы 4.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4.1. жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын».

2.Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы жариялансын.

3. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен аумақтық басқармалардың басшылары, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы осы Қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4.Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

АНА СҮТІН ЕМІЗУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Пятница, 18 Сентябрь 2020 09:03

Ана сүті – емізулі сәбидің дене бітімі мен ой-сананың толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсаулығына оңтайлы әсерін тигізетін, теңдесі жоқ қорек болып табылады.

Бала ағзасына пайдасы:

Ана сүтінің құрамында сәбидің қалыпты өсіп-дамуына жеткілікті мөлшерде болатын барлық заттектер: нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су (80%), ферменттер болады. Ана сүтін емген балалардың денсаулығы анағұрлым мықтырақ болады. Ана сүті – асқазан-ішек аурулары мен іш өткізуді шақыратын патогендік бактериялардың ішекте дамуына жол бермейтін заттектерге бай. Ең маңыздысы – ол бала ағзасын жұқпалардан қорғайды, аллергия, диабет және дене салмағының даму мүмкіндігін азайтады.

Баланың миының дамуына қажетті алмастырылмайтын май қышқылдары да осы табиғи сүтте кездеседі.

Ана денсаулығына пайдасы:

–Ана сүтін емізу босанғаннан кейінгі қан кету мен анемияның даму қауіпін азайтады;
*Сымбатын қалпына келтіруге көмектеседі;
– Жаңа жүктілікті болдыртпайды;
– Сүт және аналық бездерінің обырынан қорғайды;
– Емізу кезінде анада өзінің сәбиін үйлесімді қорекпен және дұрыс күтіммен қамтамасыз ете аламын деген сенімділіктің қалыптасуына жағдай жасайды;
– Уақыт, қаражатты үнемдеуге, сонымен қатар күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкін береді.
Отбасы үшін артықшылығы
– Емізулі анаға арналған тиісті емдәмнің құны баланы тамақтандыруға арналған жасанды қоспаның құнынан төмен;
– Үнемдеген қаражатты отбасының басқа мүшелеріне қолдана алады;
– Емізуге және сүтті саууға қажетті қоспалар мен жабдықтарды сатып алудың қажеті жоқ;
– Медициналық кеңестер, дәрі-дәрмектерге, зертханалық зерттеулерге және ауруханада жатуға арналған шығындар азаяды.
Эмоционалдық байланыс:
Ана мен бала арасында өзара сүйіспеншілік сезімін оятатын тығыз қарым-қатынас туындайды
Ана сәбиін емізгенде толыққанды күтім жасаудан эмоционалды қанағаттану сезімі қалыптасады. Сәбидің мазасыздығы азайып, салмағы арта бастайды.
Ана сүтімен сәтті емізудің он қадамы
1. а) «Ана сүтінің алмастырушыларын тарату бойынша Халықаралық ережелерді» және Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясымен қабылданған барлық резолюцияларды толық орындау қажет. б) Жаңа туған нәрестелерді тамақтандыру саясаты: ана сүтімен емізу бойынша жазбаша бекітілген саясаттың болуы және оны жүйелі түрде ұйымның барлық қызметкерлеріне хабардар ету. с) Жүйенің мәліметтерін басқару және мониторингілеу: жүйенің мәліметтерін тұрақты түрде басқару және мониторингілеу.
2.Қызметкерлердің құзіреті: ана сүтімен емізуді қолдау бойынша медициналық персоналдың білім мен дағдыны жеткілікті игергеніне көз жеткізу.
3.Антенатальды ақпарат: жүкті әйелдермен және олардың отбасы мүшелерімен ана сүтімен емізудің маңызы мен әдістері туралы талқылау.
4.Тікелей постнатальды күтім: аналарға терімен тері жанасуын тез арада және ұзақ жүргізуге ықпал ету және босанғаннан кейін ана сүтімен емізуді барынша ертерек бастау үшін аналарға қолдау көрсету.
5. Ана сүтімен емізуді қолдау: барлық аналарды ана сүтімен емізуге және лактацияны басқару әдістеріне ынталандыру.
6. Қосымша тамақтандыру: ана сүтін еметін жаңа туған нәрестелерге медициналық көрсетімдерден бөлек жағдайларда басқа тағамды немесе сұйықтықты бермеу. 7. Бірге болуы: ана мен баланың күндіз де,түнде де бір палатада бірге болуын тәжірибелеу. 8. Сұранысына қарай емізу: баланың омырауды емуге дайындағанын танып-білу және оған әрекет жасау
үшін аналарға қолдау көрсету.
9. Бөтелкенің емізу, емізіктер,бос емізіктер: ааналарға бөтелкемен емізу,емізік, босемізіктер: аналарға бөтелкемен емізу, емізік бос емізіктерді қолдану және олардың қауіп-қатері бойынша кеңес кеңес беру.
10. Ауруханадан шығарылғаннан кейінгі күтім: ата-аналарды дер кезінде тұрақты қолдау мен күтімге қатысты көмекті қайдан алуға болатыны туралы хабардар ету.

 

М.АНАРКУЛОВА,
Э. ОМАРОВА,
Қалалық №3 емхананың
дәрігерлері

Страница 12 из 421