Жеңістің басы – бірлікте

Пятница, 10 Февраль 2023 04:15

Күрес түрлерінен республикалық 6-шы Жазғы Спартакиадасы жаңа есімдерді танытып, спортшыларға жаңа серпін берді. Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен тартысты бәсекелерді тамашаладық. Шымкент қаласының грек-рим күресі балуандары бұл жолы да командалық есепте бірінші орын алды. Бұл бәсекенің жөні бөлек. Спартакиада биылғы Жазғы Азия ойындары, әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу ретінде ұйымдастырылды. Жарысты алдымен «классик» балуандар қыздырды.

1007

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Среда, 08 Февраль 2023 05:15

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан спорт шеберлері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. 7-10 ақпан аралығына жоспарланған бәсекенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

905

Шымкент қаласында спорттық нысандар саны жаңа орталықпен толықты. Заманауи талаптарға сай үстел теннисі орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа нысанның құрылысы 2022 жылдың қазан айында аяқталған болатын. Құрылыстың жалпы құны – 1,2 млрд теңге. Қазіргі таңда орталық Шымкент қаласының үстел теннисі федерациясына қарасты.

67

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы Қарабастау, Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптарының халқымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Қала әкімі есепті кездесуге дейін тұрғындардың өзекті мәселелерін жүйелеу, талқылау бойынша жиындар өтетінін мәлімдеді.

703

КӘРІЗ – шаһардың күре тамыры

Среда, 11 Январь 2023 06:12

Шымкент қаласында 2022 жылдың қорытындысы бойынша кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60 пайызға жетті. Жалпы бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен ұлғайту көзделуде. Кәріз жүйесінің су тазалау қондырғысының қуаттылығын арттыру, өндіріске жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Жуырда шаһарда халықаралық стандарттар деңгейінде жұмыс істейтін жаңа тазарту қондырғысының құрылысы басталды.

606

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жасаған сапарында шаһардың жаңа Бас жоспарын дайындауды тапсырған болатын. Бас жоспар – бұл өте ауқымды құжат. 2035 жылға дейінгі Шымкент қаласының дамуын қамтитын жаңа бас жоспарды дайындауда былтырдан бері тиісті жұмыстар атқарылды. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, 2022 жылы қаланың сәулет, жер қатынастары саласында осы бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынып, қаланың келешек дамуы зерделенді.

2035: халық саны 2 млн-ға жуықтайды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзі жетекшілік ететін салаларда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есеп берді. Баспасөз-брифингінде қалада жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, құрылыс, инфрақұрылым жүйелері және спорт саласында жүзеге асқан жұмыстарды баяндады.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары бойынша жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде. Бірнеше қоғамдық талқылау өткізіліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескерілген.

– Қаланың жаңа бас жоспарын дайындау жұмыстары 2021 жылдың ортасында басталды. Өткен жылы да, биыл да қарқынды жұмыстар істелді. Алдағы уақытта бірнеше сараптама мен тыңдаудан өткізіп, 2023 жылдың мамыр айында Үкімет қаулысымен бекітеміз деген жоспар бар. Жаңа бас жоспар қаланың 2035 жылға дейінгі уақытта қай бағытта дамитынын айқындайды. Болашақта қаланың индустриалды аймақтары, зиянды қалдық шығаратын өндіріс орындары батыс жақта орналасады. Тиісті мамандар желдің бағыты батыс жаққа қарай екенін зерделеді. Ал көп қабатты үйлерді, негізінен, солтүстікке қарай салу ыңғайлы, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Осылайша өндіріс аймақтары шаһардың батысында орналаспақ. М.Исаховтың айтуынша, мамандардың зерделеу жұмыстарына сәйкес, 2035 жылға дейін қала тұрғындарының саны 1 млн 850 мың адамға жетеді деген болжам бар. Сонша тұрғынды баспанамен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 30 млн шаршы метр баспана салынуы тиіс. Қала әкімінің орынбасары инвестицияны осы бағытқа құйып, осы саланы дамытуға барынша назар салу керек екенін айтты.

Сондай-ақ, бүгінде қаланың геоақпараттық жүйесі әзірленуде. Ол 16 мемлекеттік қызмет пен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесімен байланысты. Композиттік қызметтер автоматтандырылады, инфрақұрылым жүйелері цифрландырылады. Геопорталды да келесі жылы мамыр айында толық іске қосу жоспарлануда.

– Геопортал бойынша қалада жердің астындағы, үстіндегі инфрақұрылым жүйелерінің бәрі цифрландырылады. Бұл да – ауқымды әрі маңызды жұмыс. Бүкіл қаланың аумағы бойынша инфрақұрылым желілерінің картасын жасап, оны аяқтауға таядық. Геопортал да келесі жылы мамыр айында іске қосылады, – деді М.Исахов.

Жолаушылар терминалының құрылысы бітуге таяу

Қалада жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2022 жылы жол саласында 6 жоба бойынша аяқталды: Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық, жер асты өткелдерінің құрылысы, Самал-1, 2, 3 шағынаудандарындағы жолдардың құрылысы, Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағынаудандарының жолдарын күрделі жөндеу, Қошқар ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу аяқталып, пайдалануға берілді. 17 нысанда құрылыс жалғасуда.

Өткен жылы «Төлем» электронды билеттендіру жүйесі қолданысқа енгізілген еді. Қазіргі таңда жаңа жүйе толық, кедергісіз жұмыс істеп тұр, 310 мыңнан астам карта сатылған. Ал I-kolik қосымшасына қаладағы қоғамдық көлік 100% ендіріліп, 200 мыңнан астам қолданушы тіркелген.

Әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жеке инвестиция есебінен жалғасуда. Бүгінгі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждау – 98 пайызға, желдеткіш жүйелерін орнату 95 пайызға атқарылды. Сонымен қатар, багаждық жүйенің құрылғылары, лифтілер, эскалаторларды орнату және инженерлік желілерін құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жобаның 85 пайызы орындалған.

Инфрақұрылым жүйелері бойынша бүгінде 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 54 пайызға жетті. Биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспарланған. Осыған байланысты 2022 жылы 19 нысанда құрылыс жүрді.

Жаңа ипподромда наурыз тойланады

Шымкентте дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 498 852 адамға жетті (42,0 пайыз). 2022 жылы бюджет есебінен 3 спорт нысаны және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысаны салынуда. «Металлург» стадионын реконструкциялау, Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусы, Бозарық-3 шағынауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің ғимараты, демеушілер есебінен үстел теннисіне арналған спорт нысаны, жаңа ипподром құрылысы, «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы, «TURAN ГХА» спорт нысанының құрылысы жүргізілді. Қазіргі уақытта қалада спорттық нысандар саны 1 075-ке жетті.

М.Исахов баспасөз брифингінде алдағы әлеуетті жаңа жобаларды және құрылысы аяқталған нысандарды таныстырды.

Бозарық шағынауданынан бой көтерген жаңа ипподромның құрылысы техникалық тұрғыдан аяқталып, қаладағы арнайы ат спорты мектебінің шәкірттері жаттығуларын бастаған.

Ипподром 1500 көрерменге арналған. Ат аренасы бар манеждерден бөлек 53 ат қорасы, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, көмекші бөлмелер, 310 көлікке арналған кең тұрақ қарастырылған. Жылқылар мен шабандоздардың қауіпсіздігі үшін арнайы амортизациялық қоршаумен қоршалған, ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынды.

Қала әкімінің орынбасары 2023 жылы көктемде жаңа нысанда Наурыз мерекесі тойланатынын мәлімдеді.

Шаһарда биыл 39 рет ел чемпионаты, 6 рет ҚР Кубогы, 15 республикалық, 4 халықаралық жарыс және 35 қала чемпионаты өткізілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті
Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Екі күндік сапар барысында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылды. Бизнес-форум аясындағы келісім нәтижесінде Шымкент пен Өзбекстан арасында 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болды.

138

«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ

Среда, 21 Декабрь 2022 05:21

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының және тексеру обьектісі болып табылатын Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және оған бағынысты мекемелердің тексеру қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

119

Страница 8 из 71