Жеңістің басы – бірлікте

Пятница, 10 Февраль 2023 04:15 Автор
Күрес түрлерінен республикалық 6-шы Жазғы Спартакиадасы жаңа есімдерді танытып, спортшыларға жаңа серпін берді. Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен тартысты бәсекелерді тамашаладық. Шымкент қаласының грек-рим күресі балуандары бұл жолы да командалық есепте бірінші орын алды. Бұл бәсекенің жөні бөлек. Спартакиада биылғы Жазғы Азия…

Чемпион

Среда, 25 Январь 2023 03:50 Автор
Атақты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «15 жасар чемпион» деген керемет туындысы бар. Жасөспірімнің бар болмысын ашқан. Бір деммен оқылады. Біздің талай мықты, даңқты спортшыларымыз осы шығармамен өскенін айтады.
Шымқалада 2016 жылдан бері жақсы бір дәстүр қалыптасқан. Ол – жылда қыркүйек айында өтетін марафон. Бұл дәстүр биыл да жалғасын табады. Жүгіруді күтіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер мен педагогтар, студент жастар, оқушылар, ерекше жандар, шоу бизнес өкілдері, әсіресе спортты жаны сүйетін жандар үшін бұл бір…

НАМЫСЫ НАЙЗАҒАЙДАЙ БАПКЕР

Среда, 30 Ноябрь 2022 05:27 Автор
Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика манежінде, қазақ күресінен даңқты бапкер, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Керімбекұлы Оңалбектің жүлдесіне арналған ірі халықаралық турнир аяқталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген командалардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның апайтөс балуандары бақ сынады.
Шымкенттік команда футболдан Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанды. «Астана-Аренада» өткен финалда «Ордабасы» «Ақжайық» клубынан 5:4 есебімен басым түсті.
Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары 3 жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасындағы бәсекеде Жайна Шекербекова кезекті рет құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. Жерлесіміз 2010 жылы елорда төріндегі чемпионатта алғашқы алтын жүлдесін қоржынға салған болатын. Енді міне, Амман шаршы…

Бекзат күрес – боз кілемде

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:01 Автор
Жеңіл атлетикалық манеж кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған республикалық турнир өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шаһарда ұлттық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар қолға алынғанын айтты.

Жақсы дәстүр жалғасын тапты

Пятница, 28 Октябрь 2022 05:01 Автор
Шымкент қаласында «Жеңіл атлетикалық манеж» спорт кешенінде академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық ашық турнир басталды. Биыл 28-ші рет ұйымдастырылған жарыста еліміздің барлық өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан, жалпы 250-ге жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің…
Грек-рим күресінен ардагерлер арасында Болгарияның Пловдив қаласында өткен әлем чемпионатында шымкенттік балуан жеңімпаз атанды. 62 келі салмақта Жолдыбай Тоқбаев мұқалмас жігер көрсетіп, спорттағы көздеген мақсатына жетті. Ж.Тоқбаев – ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық турнирлердің, оның ішінде Мардан Сапарбаевты еске алу турнирінде топ жарған. Иә,…

Жасыл алаңдағы кездесу

Среда, 12 Октябрь 2022 05:17 Автор
Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс өтті. Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.