41e94ea5-c6e1-4407-a897-21f1467fd0d9

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 21 наурыздан 16 сәуірге дейін қызметін уақытша тоқтатады.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады.
Дайын құжаттарды беру мақсатында 28 наурызға дейін құжаттарды беру секторлары дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы ақпаратты 1414 байланыс орталығынан білуге болады.
Басқа сұрақтармен Абай, Қаратау, Еңбекші және Әл-Фараби аудандары бойынша мына байланыс нөмірлері арқылы байланыса аласыз:

Абай ауданы: +7 701 621 01 64

Қаратау ауданы: +7 702 711 00 24

Еңбекші ауданы: +7 702 261 04 81

Әл-Фараби ауданы: +7 778 777 54 17

433a2967-ff2d-4925-9f8d-a647e9807c46

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарды дезинфекциялауға әскери қызметкерлер жұмылдырылды. Атап айтқанда Әл-Фараби алаңы, орыс драма театрының маңайы және Арбат демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді.

– Аудан аумағында орналасқан №35748 әскери бөлімінің қызметшілері аталған жұмысқа қолдау жасады. Әскери қызметшілерден жасақталған топ маңызды нысандарды қорғаныс киімін киіп, арнайы құралдармен залалсыздандырып шықты. Қолданылып жатқан ерітінділер адам өміріне қауіпсіз, – деді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит
Мәуленқұлов.

Берик Уали

– Осыдан бір жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құзыретін тоқтатуы, шын мәнінде, күтпеген жағдай болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Мемлекет басшысы бірінші рет ауысты. Еліміздегі биліктің өзгеруін қалай бағалауға болады?

– Расында, Қазақстан үшін биліктің ауысуы тың тәжірибе еді. Жаңа Президенттің сайлануы Ата заңымызға сәйкес жүзеге асырылды. Бұл тәуелсіз еліміздің демократиялық негіздері кемел әрі берік екенін дәлелдеді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – аса көрнекті саясаткер, қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Әбішұлының стратегиялық бағдарының сабақтастығын жалғастыра отырып, қол жеткізген жетістіктерімізді одан әрі арттыруға күш салуда. Демек, биліктің ауысуы 2019 жылдың 9 маусымындағы жалпыхалықтық Президент сайлауын өткізу арқылы табысты аяқталды деп айта аламыз. Мемлекет басшысы халықтың толық сеніміне ие болып, билік мандатын алды.
Қазақстан Президенті өз қызметінің кредосын ұлықтау рәсімінде «Билік халық үніне құлақ асуға, жергілікті жерлердегі проблемаларды шешуге, азаматтар алдында тұрақты түрде есеп беруге міндетті. Құрғақ уәде бермей, жұмыс істеуі керек! Осы қағидатты Үкіметтің барлық мүшесі және әкімдер берік ұстануға тиіс» деп анық атап өтті.

– Сайлаудан бері біршама уақыт өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдында берген уәделерін қалай жүзеге асырып жатыр?

– Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында елімізді одан әрі дамытудың негізгі басымдықтары жөнінде өз ұстанымдарын ұсынды.
Сайлаудағы жеңіс Қасым-
Жомарт Кемелұлының ұсынған бағытын қоғамның толық қолдайтынын көрсетті. Сайланған Президент халыққа берген уәдесін орындау үшін жұмысқа бірден кірісіп кетті.
Қысқа мерзім ішінде сайлауалды бағдарлама мен «Бірге» жалпыұлттық іс-шара барысында азаматтар тарапынан түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекіткен Жарлық қабылданды. Аталған құжат мемлекетті және қоғамды одан әрі жаңғыртуға бағытталған нақты 106 міндет пен шараны қамтыды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 12 маусымда өткен ұлықтау рәсімінде бірқатар жаңа идеяны айтқан болатын. Оның бәрі Президенттің жыл бойғы атқарған жұмысында анық көрініс тапты. Соның ішінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу бастамаларын атап өткім келеді. Қазір байқасаңыз, шын мәнінде халықтың үніне құлақ асатын, елдің арыз-арманын тыңдап, жедел жауап беретін, мәселелерін шұғыл қарастыратын мемлекеттік аппарат қалыптасып келеді.
Президенттің Ақорда сайтында Виртуалды қабылдау ашуы тағы бір маңызды шешім болды. Бүгінге дейін оған 9 мыңға жуық хат келіп түсті. Бұл хаттарда жазылған талап-тілектер мен шағымдарға айрықша мән берудің нәтижесінде көптеген азаматтың мәселесі шешілді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысы жақсарды.

– Мемлекет басшысының жұмыс стилі мен ұстанымдарын қалай сипаттар едіңіз?

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Президенті қызметін атқарған бір жыл ішінде жүйелік, жеделдік, нақтылық, бастамашылдық сияқты ұстанымдарды басшылыққа алатынын көрсетті.
Президент жоғары мемлекеттік лауазымдағы алғашқы жұмыс күнінен бастап өз қызметінің негізгі бағыттарын белгіледі. Ол елімізде болған барлық маңызды оқиғаға дер кезінде назар аударып, Қазақстан азаматтарына билік пен қоғамның біртұтас екенін дәлелдеді. Еліміздің бүкіл өңіріне бірдей көңіл бөлінді және отандастарымызды алаңдатқан бірде-бір өзекті мәселе назардан тыс қалмады.
Мұның бәрі Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан Президенті ретінде қызметіне кіріскен сәттен бастап жұмысының өте қызу болғанын және оның нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталғанын аңғартады.

– Мемлекет басшысының жұмыс кестесінің өте тығыз екенін білеміз. Бір жыл ішіндегі Президент қызметінің жалпы нәтижесі қандай?

– Дұрыс айтасыз, Президенттің былтырғы жұмыс кестесінің өте тығыз болғанын қарапайым статистикалық мәліметтерден-ақ көруге болады. Ол бір жылда 67 заңға, 357 Жарлыққа, 158 өкімге қол қойды.
2019 жылдың наурызынан бастап Мемлекет басшысы 500-ге жуық түрлі іс-шараға қатысты. Соның ішінде 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауы ерекше орын алады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішінде 26 жұмыс сапарын жасап, бүкіл өңірді аралап шықты. Ал сыртқы саясат бойынша Президенттің қатысуымен 100-ден астам кездесу мен іс-шара өтті.
Мемлекет басшысы бір жыл ішінде еліміздің өңірлерінде – 30, шетелде – 28, жалпы 58 күн іс-сапарда болды.
Қасым-Жомарт Кемелұлының масс-медиамен ықпалдастығын ерекше атап өткен жөн. Бір жыл ішінде ол шет мемлекеттердің және халықаралық ұйым басшыларымен бірлесіп, 3 баспасөз мәслихатын, 8 брифинг өткізді. Мемлекет басшысы отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне 18 сұхбат берді. Газеттерде екі мақаласы жарыққа шықты. Оның Twitter парақшасында 1,1 мыңға жуық хабарламасы және Instagram-да 72 жазбасы жарияланды.

– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы – Президенттің ең маңызды бастамасының бірі. Осы кеңес жұмысының алғашқы нәтижелері ретінде нені айтуға болады?

– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – еліміздегі түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған маңызды бастама. Бұл ұйым мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін жаңа әдістер әзірлейтін алаңға айналды. Бүгінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің билік пен қоғам арасында диалог орнату бағытында атқарып жатқан жұмыстарының нақты нәтижелері анық байқалады.
Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестің жұмысын әрдайым бақылауда ұстайды және оның мүшелерімен ақылдасып отырады. Осыған дейін Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 21 мүшесімен жеке-жеке кездесу өткізді.
Кеңестің желтоқсан айында өткен екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды реформалар ұсынды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы партияларды тіркеуден өткізу шегін 40 мыңнан 20 мың адамға азайтуды, парламенттік оппозиция институтын енгізуді, Қылмыстық кодекстің жала жабу туралы 130-бабын қылмыстық деп танымау жөнінде шешім қабылдауды, партия мүшелерінің 30 пайызы әйелдер мен жастар болуы қажетін айтты. Сондай-ақ заң шеңберінен шықпайтын бейбіт шерулерге рұқсат беру мәселесі де қолға алынды. Қазіргі уақытта аталған заң жобасы – Парламент Мәжілісінің қарауында.
Президенттің Үкіметке жүктеген міндеттері алдағы уақытта мемлекеттік аппарат пен әлеуметтік саясатты жаңғырту жөніндегі барлық жұмыстың лейтмотиві саналады. Бұл – аса маңызды. Өйткені «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру міндеті дәл осы мемлекеттік аппаратқа жүктеледі.

– Президенттің отандастарымызды алаңдатқан мәселелерге, оқиғаларға дер кезінде жауап беруі халықтың мұң-мұқтажын жақсы білетінін, еліміздің тыныс-тіршілігін ұдайы бақылап отыратынын көрсетеді. Соңғы оқиғалардың арасынан Президент бірден үн қатып, шұғыл шешім қабылдаған мәселе деп қайсысын айтар едіңіз?

– Шын мәнінде, өткен кезең түрлі оқиғаларға толы болды. Бүкіл қоғамның жұдырықтай жұмылуын талап ететін күрделі сынақтар мен қиыншылықтарды бастан өткердік.
Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін Арыс қаласын қалпына келтіру ісі халық пен Мемлекет басшысының бірлігін анық көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев күллі Қазақстан жұртшылығын алаңдатқан Арыс қаласындағы жарылыс болған жерге сол күні кешкісін өзі арнайы барды. Зардап шеккен тұрғындардың ахуалымен танысып, оларға жан-жақты қолдау көрсетті. Президент уәде еткендей, қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылым жаңартылды. Арыс қаласының халқы Президенттің тікелей қамқорлығын сезінді.
2019 жылдың аяғында Алматы қаласының маңында болған ұшақ апаты да Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады. Ол қазаға ұшыраған азаматтардың отбасыларына материалдық көмек көрсетуді, апат жағдайының се-бептерін тексеруді тапсырды.
Президент биылғы ақпан айындағы Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған оқиғаға да айрықша мән берді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл төтенше жағдайға дереу назар аударып, ымырашылдық рөлін өз қолына алды және қоғамдық келісімді нығайтты.
Мемлекет басшысы Алғыс айту күні Қордай ауданына барған жұмыс сапарында жергілікті тұрғындармен, соның ішінде дүнген қауымының өкілдерімен кездесті.
Қазақ халқы Тәуелсіздіктің арқасында дербес мемлекет құра білгенін атап өткен
Президент, оның шын мәнінде мемлекет құраушы ұлтқа айналғанын айтты. Бұл еліміздің болашағы үшін әрбір азаматқа ерекше жауапкершілік жүктейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті ақсақалдарды жастардың тәрбиесіне белсенді атсалысуға, жас буынның санасына бірлік пен қоғамдық келісім идеяларының мәнін сіңіруге шақырды.
Ол тұрғындарға әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты қолдау көрсететінін және барлық тергеу шарасы әділ жүргізілетінін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы барлық этникалық топтың жастары өз салт-дәстүрлерін сақтай отырып, қазақ халқының мәдениетін құрметтеп, қазақ тілін үйренуге және Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қадірлеуі тиіс екенін айтты.
Әлемде коронавирус індетінің таралуына байланысты аса ауқымды шаралар қабылданды. Осы ретте
Президент батыл қадамдар жасады, соның ішінде қазақстандықтардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін еліміздің бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізді.

– Әлеуметтің әлеуметтік жағдайын, халықтың тұрмысын арттыру – Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттар. Дегенмен, осы бағытта нақты қандай жұмыстар атқарылды?

– Мемлекет басшысы өзінің қыркүйек айында жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және халықпен кері байланысты күшейтуге негіз болды.
Атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін енгізу бастамасы да аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстарға тың серпін берді. 2019 жылы 485 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл – 2,5 миллион адам деген сөз.
Осы ретте «Қазақстан
Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» Жарлыққа қол қойылып, оның жүзеге асырылуы әлеуметтік бағыттағы ауқымды жұмыстың атқарылуына себеп болды. Нәтижесінде 555 мың азаматтың 300 мың теңге көлеміндегі берешегінің қарыз жүктемесі төмендетілді, 1,2 миллион адамның айыппұл мен өсімпұлдары кешірілді. Бұл шараларға 149 миллиард көлемінде қаржы бөлінді.

– Мемлекет жастарды қолдауға байланысты қандай жұмыстар атқарып жатыр?

– Жастар – еліміздің болашағы, келешегіміздің кепілі. Сондықтан Президент жастарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Мұны Жастар жылының қорытындысынан көруге болады. Мысалы, жұмыс істейтін жастарға 9 мың пәтер берілді, 5 мың адам мемлекеттік грант алып, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік алды, 10 мың жас бизнесмен, оның ішінде ауылдағы кәсіпкерлер микрокредиттер есебінен өздерінің өндірісін кеңейтті.
Шәкіртақының 25 пайызға көбеюі білім алып жатқан жастарға үлкен қолдау болды деп ойлаймын. Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқып жатқан 230 мың студент бұл бастаманың игілігін көрді. Мұндай жұмыс Волонтер жылында да жалғасып, жастарды қолдаудың жаңа бағыттары іске асатын болады.
Мемлекет басшысының Жастар кадрлық резервін құру бастамасын қоғам жақсы қабылдады. 13 мың үміткердің арасынан білімі мен білігі сай 300 азамат іріктеліп алынды. Бүгінде оның 132-сі қызметке тағайындалды. Осылайша ел басқарудың жаңа толқынын дайындаудың алғашқы қадамы жасалды.

– Президент экономиканы дамытудың негізгі бағыттары ретінде қандай жұмыстарға басымдық беріп отыр?

– Қасым-Жомарт Тоқаев осы бір жыл ішінде көптеген маңызды бастаманы қолға алып, бірқатар нақты міндет жүктеді. Айталық, Қазақстан халқына арналған Жолдауында еңбек өнімділігін кемінде 1,7 есеге арттырып, 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға немесе одан да асыруды міндеттеді.
Президент мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін, монополистер белгілеген бағаны қайта қарауды, салық жүйесін жаңғыртуды тапсырды. Әсіресе, Қасым-Жомарт Кемелұлының микро және шағын бизнес өкілдерін үш жылға тексеру және салықтан босату туралы шешімі кәсіпкерлердің арасында үлкен қолдауға ие болды.
2020 жылдың басынан басталған әлемдік нарықтағы айтулы оқиғалар да бізді сын тезінен бір өткізіп алды. Осы наурыз айында Қасым-Жомарт
Тоқаев Үкімет басшылығымен шұғыл кеңес өткізіп, жаһандық экономиканың құлдырауына қарамай, ел экономикасын дамытуға қатысты бірқатар нақты міндетті тапсырды.

– Қасым-Жомарт Тоқаев осы бір жыл ішінде сыртқы саясат бойынша да ауқымды жұмыс атқарды. Солардың арасынан сіз қайсысын атап айтар едіңіз?

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теңдестірілген көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізу және қазақстандық дипломатияның экономикалық құрамдас бөлігін күшейтуді негізгі бағыт ретінде белгілеген еді. Осы міндеттерді жалғастыру Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясаттағы қызметінің негізгі ұстанымы десек болады.
Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы шетелдерге 14 рет, оның ішінде 3 мемлекеттік және 3 ресми сапарға шығып, 12 халықаралық форумға, саммиттер мен конференцияларға қатысты.
Айтулы оқиға ретінде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына, Қытай Халық Республикасына сапарларын, БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуін атап өтуге болады. Осылайша әлемнің жетекші державаларының көшбасшыларымен байланыс орнатты.
Біз үшін Орталық Азия елдерімен өзара тиімді достық қарым-қатынас құру негізгі басымдық болып қала береді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының Өзбекстан мен Қырғыз Республикасына сапарлары үлкен маңызға ие болды.
Сонымен қатар Президент Германияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммиттерінің жұмысына қатысты.
Қазақстанға өткен жылы ресми және мемлекеттік сапарлармен 13 шет мемлекеттің басшылары мен үкіметтерінің жетекшілері келді. Олардың арасында Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанның,
Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тусктің, Швейцария Президенті Ули Маурердің, Беларусь Президенті Александр
Лукашенконың сапарларын атап өту қажет.

– Президент Әкімшілігі немесе Президенттің баспасөз қызметі бір жылдыққа арналған іс-шаралар өткізе ме?

– Әрине, 12 айдың ішінде көптеген жұмыс атқарылды. Осы жыл елімізді дамудың жаңа белесіне шығаруға, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді белсенді, жігерлі түрде іске асыруға арналған уақыт болды.
Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметінің бір жылдығын Төтенше жағдай кезінде қарсы алып отырмыз. Қазір мемлекеттің барлық күші әлемдік экономика мен қаржы жүйесін тұралатып жатқан коронавирус пандемиясы мен катаклизмнің жағымсыз салдарын еңсеруге бағытталғаны белгілі.
Осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, экономика мен әлеуметтік саладағы белгіленген басымдықтардың барлығы өз күшінде қалады. Мемлекет халық алдындағы барлық міндеттемесін толық көлемде орындайды. Бұл – Президент қойып отырған басты міндет және оны орындау үшін Қасым-Жомарт
Кемелұлы уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Алайда бүгінгі жағдайда қандай да бір салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру орынсыз. Бізге мемлекет игілігі үшін, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек ету қажет.
Сонымен қатар жыл ішінде атқарылған жұмыстың қорытындысы ретінде Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері, сұхбаттары мен мақалаларының жинағын шығарды. Төрт томнан тұратын кітап «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.
Бірінші томға Президенттің жалпыұлттық іс-шараларда жасаған баяндамалары, екінші томға өңірлерге сапар барысында сөйлеген сөздері, үшінші томға сыртқы саяси кездесулердегі сөздері, төртінші томға отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында берген сұхбаттары мен мақалалары топтастырылған. Осы арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекет тізгінін қолына алғаннан кейінгі бір жылда атқарған жұмысына шолу жасауға болады.

– Әңгімеңізге рақмет!


Әңгімелескен
Әлихан ИСМАН

бекет

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілді. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіріп-шығатын жолдарға 12 блок бекет қойылды.

Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әр көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.
Блок бекеттер орналасқан орындар: Ақжар, Жылан бұзған, Абдулабат, Өтеміс-Шапырашты, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма жолы), Бозарық айналма жолы, Қайнарбұлақ саяжайы, Бадам айналма жолы, Көкбұлақ, Бадам көпірі маңы.

20 мың бетперде тегін таратылды

Пятница, 27 Март 2020 04:29

Без имени-1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде бетперделер азаматтарға тегін таратылуы тиіс» деп тапсырма берген болатын.

Шымкентте «Mega Pharma» ЖШС Президент тапсырмасына қолдау көрсетіп, 20 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәрумендерін таратты. Компания басшылығы акцияның мақсаты Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсету екенін атап өтті.
Бетперделер шаһарда адам көп шоғырланған орындарда, атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы бойынша «Арбат» демалыс орны, Абай ауданы бойынша «Жаңа шаһар» базары, Еңбекші ауданы бойынша «Север» сауда үйі,
Қаратау ауданында Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде таратылды.

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

19 наурыз 2020ж.

 №3

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

                                                                                                                                                                                                                                          

Санитариялық індетке қарсы және санитариялық - профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы

Мен, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде, Шымкент қаласының тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына, Шымкент қаласының полиция департаментіне, үкіметтік емес ұйымдардың, адамдар көп жиналатын кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына:

3. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің басшысына, Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:

3.1. Объектілерде, оның ішінде халық көп жиналатын орындарда санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

3.2. Жеке гигиенаны сақтауға (жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану), үй карантинін сақтауға (өзін-өзі оқшаулау) және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы қаралуы қажеттілігіне баса назар аудара отырып, коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту;

3.3. Коронавирус инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар етуді қамтамасыз ету, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;

3.4. Қаулының орындалуы бойынша жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдармен іс-шаралар жүргізу.

8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және төтенше жағдайлардың бітуіне дейін күшінде болады.

 

         Шымкент қаласының

     Бас мемлекеттік

     санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Қазақстан Республикасы Президентімен 2019 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі- Заң) қол қойылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді. Енді қайталама туу туралы куәлік қажет болған жағдайда азамат қай аймақта туғанына қарамастан, кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады.

Ата-аналардың таңдауы бойынша смс-хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеуге болады.

Анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан, баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік беру мүмкіндігі қарастырылған. Осы орайда, балалардың туылған кезінен бастап азаматтықтың болмау мәселесі шешіледі.

Сонымен қатар, дефис арқылы қосарланған есімдер мен әкесінің атын жазу мүмкіншілігі қарастырылған. Мысалы: егер әкесінің аты Әли-Асқар болса, баланың әкесінің атын Али-Аскарович немесе Әли-Асқарұлы деп көрсетуге болады.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған және сол мемлекеттің туу туралы куәлігі болған жағдайда тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді.

Мысалы, балаға Өзбекстан Республикасында туылған жері бойынша туу туралы куәлігі берілген болса, жаңа түзетулерге сәйкес нақты туылған жері көрсетілген қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлікті баланың ата-анасы тіркеуші органнан алуына болады.

Аталған новелла мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастау және т.б.мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға ата-аналарға мүмкіндік береді.

Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері автоматтандыруларына байланысты алынып тасталды.

Екі куәліктің: асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің орнына, тіркеуші органмен баланың жеке және ата-анасы туралы мәліметтері көрсетілген туу туралы куәлік қана беріледі.

Сот шешімі негізінде неке бұзуды тіркеу тәртібі автоматтандырылды. Аталған мәліметтер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғандығы туралы белгі қойылады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) азаматтармен мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жойылды.

Жоғарыда аталған барлық новеллалар азаматтардың уақыт және қаражат шығындарын қысқарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесін сандық форматқа көшіру мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, осы Заңмен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына біршама баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтсақ, тіркеуші органға ұсынылатын құрылтай құжаттар бұрын үш данада ұсынылса, енді екі данада ұсынылады.

Бұдан бөлек, 9 баптың тақырыбы «9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалардың, филиалдардың (өкілдіктердің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу және құжаттарды беру мерзімдері» деп, осы баптың үшінші бөліктегі «он» деген сөз «бес» деген сөзбен, бесінші бөліктегі «он төрт» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылды.

11 баптың 4 тармағы "4-2) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса, 4-3) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса, 4-4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, 4-5) егер мемлекеттік тіркеу кезінде, мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алулар туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан астам берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса, 4-6) егер мемлекеттік қайта тіркеу кезінде, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ тұлғаны қоспағанда, жаңа құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) және (немесе) үлесін иеліктен шығаратын тұлғалар атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса деп тармақшалармен толықтырылды және «14-2-бап Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі» бабымен толықтырылды.

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай:

1.Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субьектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;

2.Басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);

3.Осы заңның 14-1 бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;

4.Жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;

5.Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;

6.Экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;

7.Саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшылардың (қатысушылардың, мүшелердің) құрамы өзерген кезде енгізіледі.

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттар қоса беріле отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.

Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген кезде, хабарламаға қосымша заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат қоса беріледі.

Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, заңды тұлғаның орналасқан жері үшін үй-жай беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырылған келісімі беріледі.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеру жағдайлары бұған кірмейді.

Жарғылық капиталдағы үлесті сенімгерлік басқаруға берген кезде, нотариат куәландырылған сенімгерлік басқару шарты қосымша ұсынылады.

Заңды тұлғалар, филиалдар (өкілдіктердің) құрылтай құжаттарына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы тіркеуші органға құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімде хабар береді.

Заңды тұлғалар, филиалдар (өкілдіктердің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.

Сондай-ақ, осы Заңмен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына да өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Яғни, 1-баптың 31-тармақшасы«электрондық көшірмесі негізінде» деген сөздерден кейін, «сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда» деген сөздермен толықтырылды.

6-баптың 2-тармақшасы «Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының мемлекеттік органдардың шешімі бойынша, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірі (мекенжайы) өзгерген кезде болған өзгерістерін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады» деп екінші бөлікпен толықтырылды.

«Құқық иеленуші мәліметтерінің өзгеруін мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш жасамастан, құқық иеленушіні хабардар ете отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы өтеусіз негізде жүзеге асырылады» деп 3-тармақпен толықтырылды.

Осыған қоса, 20-баптың 1-1-тармағы «Құқықтар» деген сөз «Электрондық тіркеу құқықтар» деген сөздермен және «жағдайларда, электрондық тіркеу» деген сөздер «жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылды. Сондай-ақ «3. Екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізілуі мүмкін.» деп 3-тармақпен толықтырылды. Сонымен қатар, 22-баптың 5-тармағының екінші бөлігі осы заңмен алынып тасталды.

Шымкент қаласы әділет департаментінің

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау

бөлімінің басшысы

Дина Балтабекқызы Ботан

 

unnamed

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылға дейін микро және шағын бизнес компаниялары салықтан босатылады.

Үш жыл бойы арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын бизнес өкілдері корпоративтік табыс салығын, әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын төлемейді. Дегенмен төмендегі кәсіпкерлік бағыттарға салықтық жеңілдіктер қарастырылмаған. Олардың қатарына есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын іске асыру, акцизделетін өнім өндіруді немесе көтерме саудада өткізу, астық қабылдау пункттерінде астық сақтау, лотерея ойнату, ойын бизнесі, радиоактивті материалдар айналымын жүзеге асыру, банк және сақтандыру нарығындағы қызметтер, аудиторлық, бағалы қағаздар нарығындағы бизнес, кредиттік бюро ісі, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын жүргізу, жер қойнауын пайдалану мен кен іздеу, пайдалы қазбаларды, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері бензин, дизель отынын және мазутты бөлшектеп саудалау, сыртқы экономикалық қызмет секілді бизнес түрлері жатады.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Шайхыдин Аязовтың мәлімдеуінше, салық кодексінің жаңа ережесіне сәйкес патент негізінде арнаулы салық режимін кәсіпкерліктің мынадай түрімен айналысатындар қолдана алады. Олар қосымша жұмыскерлерді пайдаланбайтындар, бірнеше бизнесі барлар, сылақшылар, ағаш ұсталары, еден төсеушілер, қабырға қаптаушылар, бояушы және шынылаушылар, таксистер, көлікпен жүк тасымалдаушылар, сыйақы немесе белгілі бір шартпен жылжымайтын мүлікті басқарушылар, сурет, аударма саласындағы кәсіпкерлер, мүлікті, көлік құралдарын, ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды, бейнежазбалар мен дискілерді басқа да жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын, есептеуіш техника мен кеңсе машиналарын жалға берушілер, спорт, мәдениет, қосалқы білім, өнер салалары бойынша жеке тәлімгерлер, компьютер және перифериялық жабдықтарды, коммуникациялық құралдарды, тұрмыстық техниканы жөндеушілер, шаштаразшылар, маникюр, педикюр жасаушылар, ветеринарлар, үй шаруашылығымен айналысушылар, жер учаскелеріне байланысты жалпы қызмет көрсетушілер, жүк тасушылар, музыкалық аспаптар жасау мен жөндеушілер және үй жануарларын өсіретін шаруалар.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шаруа немесе фермерлік қожалықтар арнаулы салық режимі негізінде түскен табысына қарай салық төлеуге міндетті. Осыған дейін жүзеге асырылып келген Салық кодексіндегі «тіркелген салық» түрі биылдан бастап өз күшін жойды. Сонымен бірге ойындарға салынатын қосымша салық та жойылды. Дегенмен ойын автоматтары, дербес ойын компьютерлері, боулинг, карта, бильярд ойындары арқылы табыс тауып отырған кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығынан босатылмайды. Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленуіне байланысты салық мөлшерлемесіне толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес Шымкент қаласына қарасты елдімекендерге салынатын жер салығының базалық мөлшерлемесі өсті. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің базалық құны 36 мыңнан 60 мың теңгеге көтерілді. Биыл темекі өнімдерінің акциздік ставкалары 13,8 пайызға қымбаттады. Бұл темекіні бақылау конвенциясын іске асырудан туындаған шара. Үкімет қаулысына сәйкес жанар-жағармай өндірушілердің көтерме саудаға шығарған 1 тонна бензинінің акциздік құны 24435, бөлшек саудада 24935, ал импорттау 24435 теңгені құрады.
—Камералдық бақылау нәтижесінде заңбұзушылық анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушіге пошта арқылы немесе электронды түрде хабарлама жібереді. Шешімді алған уақыттан бастап салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде салық органына немесе сотқа шағымдана алады. Егер еңбекке уақытша жарамсыз болса, жарамсыздық мерзімі аяқталғаннан кейін он күн ішінде шағым түсіріп үлгеруі қажет. Салық кодексінде көзделген жалпыға бірдей декларациялау 2020 жылдан 2021 жылдың қаңтарына ауыстырылды. Мүлікті жариялау ісі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Алғашқы кезде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жауапты мемлекеттік лауазымдағылар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілер мен оларға теңестірілгендер, Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, банктер мен банк қызметі, сақтандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес мүлкін жария ету міндеттелген тұлғалар, жалпы аталған азаматтар мен олардың зайыбы салық декларациясын тапсырады.
Екінші кезең – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Мұнда мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері жұбайларымен қоса қанша мүлкі бар екенін декларацияда көрсетеді.
Үшінші кезеңде, яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жұбайларымен бірге дүниесін декларациялайды.
Қалған санаттағы азаматтардың барлығы төртінші кезеңге сай 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаппай салық декларациясын толтыруға көшеді, – деді салық органының өкілі Ш.Аязов.
Маманның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан патент негізінде арнаулы салық режимін қолдана отырып бірыңғай жер салығын төлеген және осы режимдегі салық бойынша кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған бизнес өкілдеріне бақылау-кассалық машиналарымен есеп айырысуды міндеттейтін заң нормасы қабылданды. Онлайн бақылау-кассалық машиналарды міндетті қолдану туралы ереже телекоммуникациялық желілері жоқ аймақтарға жүрмейді.
Қаратау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ш.Аязовтың айтуынша бақылау-кассалық машиналар ел ішінде «көлеңкелі бизнестің» жолын кесуге және халық арасында салық мәдениетін қалыстыруға бағытталған. Маманның пікірінше әсіресе салық мәдениеті бүгінгі таңда елімізде онша дамымай отыр. Салық органы өкілінің айтқанына құлақ түрсек, республикамыздың салық туралы заңы өзінің жұмсақтығымен ерекшеленеді. Біздегі салық кодексінде өзге мемлекеттермен салыстырғанда көп жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, Батыс елдерінде салық төлеуден жалтарғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені оларда заң күшті әрі салық мәдениеті де жоғары деңгейде қалыптасқан.

 

Ә.НҰРЖІГІТҰЛЫ

Страница 17 из 380